
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Қылмысты ашу үшін сыни ойлау қажет - криминалист
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы - күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Тәулігі түрліше құбылатын криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. Біз 2008 жылдан бері Құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада елеулі еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің қызметкері Ринат Мұқышевпен саланың сан қырын сараладық.
Президент • 24 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 24 Маусым, 2024
Астанада өртенген тұрғын үй бюджет қаржысына жөнделе ме?
22 маусым күні Астанадағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп, пәтерлер зақымданған еді. Әкімдік үйді жөндеу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Маусым, 2024
Әмір Зәкіров Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алды
Будапештте брейкингтен лицензиялық турнир мәресіне жетті. Бұл спорт түрінен Олимпиада бағдарламасына алғаш енген отандасымыз Әмір Зәкіров тарихи жолдамаға қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Тағайындау • 24 Маусым, 2024
Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 24 Маусым, 2024
Мұхтархан Ділдәбеков 24 жылдан кейін бұрынғы қарсыласымен кездеседі
Әлем және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан Жастар арасындағы 12 халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Италиядағы тарихи ғимаратқа атын жазған Қазақстан азаматы шығынды өтейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Италияда вандализм жасап ұсталған ел азаматына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2024
«Жағдайы әлі де ауыр». Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды
Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2024
Дағыстанда алдағы үш күн аза тұту күні болып жарияланды
Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалды. Салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза болды. Осыған байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 22 Маусым, 2024
Еларалық қатынаста инвестиция тарту – басты бағыт
Сарапшылар ел экономикасының жыл санап инвесторлар үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып келе жатқанын айтады. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) мәліметіне сәйкес, еліміз таза шетелдік тікелей инвестиция тарту бойынша посткеңестік кеңістікте, Орталық Азияда және теңізге шығатын тікелей жолы жоқ 32 дамушы ел арасында көшбасшы болып саналады. 2019 жылдан бастап елімізге 117 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды деді бізбен сұхбаттасқан Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.