
Ғылым • 19 Маусым, 2025
Елімізде ғылым әлеуетін әлдендіру – дәуіріміздің басты бәйгесі. Ғылымы өркендеген мемлекеттің бүгіні мен болашақ тағдыры жарқын болатынын әркім-ақ түйсінеді. Мұндағы негізгі қадам – нақты әрекет. Ал әрекет тұлғаның өзінен басталады. Осы қағиданы өмір салтына айналдырған жас ғалымдар тобының жемісті нәтижелері әр тараптан сүйіншілей естіліп жатады. Солардың бірі еліміз үшін стратегиялық маңызды сала металлургиядағы ғылымды серік еткен – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының» аға оқытушысы Асылбек Әбдірашит. Ол металлургия саласына инновациялық технологияларды енгізу, нақты өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу арқылы импортқа тәуелділікті азайту үшін тер төгіп жүр.
Экономика • 14 Маусым, 2025
Ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында еліміздің ішкі жалпы өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Өнер • 24 Мамыр, 2025
Өнерде шекара жоқ. Осы бір өнегелі сөздің жарқын айғағы – Қазақстанның саңыраулар қоғамының жанынан құрылған «Silense» би театры. Ыммен ғана сөйлесетін жандардан құралған шығармашылық ұжым үшін бұл «ерекшелік» бимен кәсіби тұрғыда айналысуға кедергі емес.
Жасанды интеллект • 16 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды.
Жасанды интеллект • 05 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» қалай түсірілді
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды. Ол «Түркістан сақшылары» туындысын дайындау барысында ChatGPT, RunwayML, Kling Ai, Hydra AI, ElevenLabs сынды ЖИ бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде Ақпантер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа бейнелері таңдалған. Толыққанды 3D форматтағы мультфильм сюжеті еліміздің рухани ордасын қасаң ой, теріс әрекеттерден қорғау төңірегінде өрбиді, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 29 Наурыз, 2025
Қазақ тілінің интернеттегі қадамы
Тұрмысымызбен тұтасып кеткен интернетте қазақ тілінің көсегесін көгерту – оны ғылым тіліне айналдыру салмағымен шамалас. Ана тіліміздің заманауи қолданысқа сай мәртебесін көтеруді көздесек, интернеттегі қазақ тілінің тегеурінін күшейту туралы айтудың өзі артық. Ал интернеттен ақпарат іздесек, алдымен, алдымызға «Wikipedia» сайтының дерегі ұсынылады. Уикипедия – әлем тілдерінің ғаламтордағы төлқұжаты. Осы кеңістіктегі қазақ тілінің үлесін тек тіл мамандары ғана емес қарапайым қолданушылар да толтыруға қауқарлы.
Құқық • 28 Маусым, 2024
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы – күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. 2008 жылдан бері құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің майоры Ринат Мұқышев саланың сан қырын саралады.
Инвестиция • 22 Маусым, 2024
Еларалық қатынаста инвестиция тарту – басты бағыт
Сарапшылар ел экономикасының жыл санап инвесторлар үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып келе жатқанын айтады. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) мәліметіне сәйкес, еліміз таза шетелдік тікелей инвестиция тарту бойынша посткеңестік кеңістікте, Орталық Азияда және теңізге шығатын тікелей жолы жоқ 32 дамушы ел арасында көшбасшы болып саналады. 2019 жылдан бастап елімізге 117 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды деді бізбен сұхбаттасқан Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Президент • 09 Қаңтар, 2024
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындады, деп жазады Egemen.kz.