Экономика • Кеше

Ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өсті

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында еліміздің ішкі жалпы өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.

Ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өсті

Экономика министрлігі мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткенін атап өтті.

Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артқан. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді.  Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті.

Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) тіркелді. Бұл көрсеткішке негізінен мал мен құс сойымының артуы себеп болған. Түркістан облысында өсім 6,3%-ды, Абай облысында – 3,6%-ды, ал Қостанай облысында 4,8%-ды құрады.

Құрылыс саласы  да қарқын­­ды дамып 15,4%-ға өсім көрсетті. 18 өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыс­тау облысында мектептер, тұщыт­қыш зауыт, мұнай және су құбырла­рын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5%-ды, Қостанайда – 57,8%-ды, Астанада – 51,8%-ды, Түркістан облысында 46,6%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5%), Шымкент қаласында (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.

Негізгі капиталға салынған ­инвестиция 18,2%-ға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеу­мет­тік инфрақұрылымға, сон­дай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркә­сіп­тік нысандарға бағыттал­ған қар­жы салымдарының есебі­нен қам­тамасыз етілген. Сауда айна­лымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы ­7,0%-бен салыстырғанда).

Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3%-ға, бөлшек сауда 6,5%-ға өсті. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2%), Ақмола облысы (+48,9%) және Шымкент қаласы (+23,1%) алдыңғы қатарда.

Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызмет­тері есебінен жеткен меже (+13,9%). Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуіне байланысты тіркелген нә­тиже (+13,8%). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%).