Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек Қазақстанның шығысында, аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі», делінген хабарламада.Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды