
Экология • 29 Желтоқсан, 2023
Сексеуілді кесуге тыйым салынады
«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуілді кесуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасы көпшілік талқылау үшін назарға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2023
Каспий теңізінің Әзербайжандағы бөлігінде жер сілкінді
АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Каспий теңізінде жер сілкінгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Қуаттағышты телефонсыз ток көзінде қалдырса не болады? Сіз білу керек 3 маңызды факт
Қуаттағыш сымды телефонсыз ток көзінде қалдырмаңыз. Себебі ұялы телефонды қуаттау құралы күту режимінде де бойына электр қуатын тартуды тоқтатпайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2023
Президент балақайларға жаңажылдық сыйлықтар жіберді
Дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Биыл мемлекет басшысының атына жазған арнайы хаттарға Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жауап жазып, сыйлық үлестірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Желтоқсан, 2023
Астанада ақтүтек. Жолдар жабылып, автобус қатынасы тоқтатылды
Бүгін Астанада жел күшейіп, ақтүтек боран соғып тұр. Осыған байланысты синоптиктер дауылды ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 29 Желтоқсан, 2023
Ұлттық спорт бойынша үздік аймақтар анықталды
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы 2023-жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Биыл ұлттық спортты жанына серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түсті. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар мен әлемдік додалар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Ақтауда қатты желден балабақшаның шатыры ұшып кетті
28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді
Бүгін Әділет министрлігі Адай жылқысының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Желтоқсан, 2023
Аптасына әр адам еркінен тыс несие картаның салмағындай пластик жұтады - зерттеушілер
Бүгінде микропластиктер тіршілігімізге етене еніп кеткен. Күнделікті тұтынатын азық-түлігіміз бен гигиеналық құралдар, кей ас үй жабдықтары пластиктен жасалған дорбада сақталады, пластик материалдан жасалады. Астың құрамына микропластиктің еніп кетуіне осының өзі жеткілікті. Зерттеуші ғалымдар пластиктің адам ағзасына қаншалықты зиян екені толық зерттелмесе де, қазір анық болған жайттардың өзі ағзаның әлсіреп, аурушаң болуына елеулі ықпал ететінін ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
ДНҚ расталмапты, бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тағы іздеймін деп отыр
Бүгін «Бармысың, бауырым?» хабарының тікелей эфирінде бельгиялық баланың анасы болуы мүмкін делінген жанның сараптама нәтижесі жарияланды. Хабар редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.