
Ауа райы • 11 Желтоқсан, 2023
Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты
Жаңа апта аязды ауа райымен басталды. Мұндай ауа температурасы алдағы үш күнде Қазақстаның бірнеше облысында сақталады. Десе де, сары аяздың салқыны 14 желтоқсаннан бастап бәсеңдейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Президентке Көкшетау қаласының бас жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023
Қостанайда қиранды астынан 3 адам шығарылды
Бүгін сағат 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалған еді. Құтқарушылар 3 адамды үйінді астынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Балтабайұлы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Президент Үкімет пен әкімдіктерге жылу желілерінің жұмысын үзбеу талабын қойды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Өнер • 11 Желтоқсан, 2023
Әскерилер халықаралық ән байқауында топ жарды
Мәскеуде алғаш рет өткізіліп отырған «Катюша» халықаралық фестивалінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің аға лейтенант Марс Жалғасбаев басшылық жасаған шығармашылық ұжымы «Үздік вокалдық ансамбль» номинациясы бойынша лауреат атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
«Күтпеген сыйлық». Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты
10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокс кеші өтті. Осы алаңда меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына Zeekr 001 автокөлігін табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023
Кеншілерді қарумен қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысында «Қармет» кеншілерін қорқытып, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Ұсталғандардың осы типтегі 15 фактіге қатысы бары анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 08 Желтоқсан, 2023
Азия ойындарына қатысқан боксшы допинг дауына ілікті
Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсеткен отандық боксшы Ертуған Зейнуллинге қола медаль берілуі мүмкін. Өйткені ширек финалда Ертуған Зейнуллинді жеңіп кеткен монғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийн допинг дауына ілікті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға берілетін бір жолғы төлем сомасы көбейді
Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Қала әкімдігі биыл осы желтоқсан қатысушыларына берілетін біржолғы төлем көлемін көбейтті, деп жазады Egemen.kz.