Экономика • 19 Маусым, 2024
Инвесторлар үшін күрес заманында өмір сүріп жатырмыз – Ғабидолла Оспанқұлов
Мемлекет экономикасын ілгерілетудің табысты тетігінің бірі − инвестиция. Дамыған мемлекеттер, соның ішінде, Қытай шетелдік инвестициялар есебінен жоғары дәрежедегі экономикаға қол жеткізген елдердің жарқын үлгісі. Инвестиция тек қаржылай емес, технологиялық, жаңа білім мүмкіндіктерін сыйлайтынын ескерсек, Қазақстанның дамуы үшін де инвестиция көздерін тарту аса маңызды. Ел Үкіметі алдында 2029 жылға дейін экономиканы 2 есе өсіру межесі көзделген. Осы мақсатқа жеткізер бағыттың бірегейі инвестиция тарту екені сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізге инвестиция тарту бағытында Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ нәтижелі қызмет атқарып жатыр. Осы орайда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен елімізде инвесторларға жасалған мүмкіндіктер төңірегінде әңгіме өрбіттік, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Маусым, 2024
Жүзуден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу сынына қатысады
21-23 маусым күндері Италияның Рим қаласында жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
2030 жылға қарай қандай мамандарға сұраныс артады?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Ұлттық кәсіптік біліктілік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында салалық біліктілік жүйелерін дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 18 Маусым, 2024
Таразда АЭС салу мәселесі талқыланды
Бүгін Тараз қаласында Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 18 Маусым, 2024
Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 млрд теңгеден астам ақшаны негізсіз жұмсаудың алдын алды
2023 жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 2,7 мыңнан астам белсенді жұмыс істеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Маусым, 2024
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Маусым, 2024
Tele2 мен ALTEL шетелдік инвесторға сатылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Мобайл-Телеком Сервис» (Tele2/ALTEL Біріккен Компаниясы) шетелдік инвесторға сатылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Маусым, 2024
Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордадағы балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Маусым, 2024
СҚО-да ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады (видео)
СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2024
Мал ұрлағандар чип арқылы қолға түсті
Абай облысында ұрланған мал етін сатпақ болғандардың қылмысы әшкере болды, деп жазады Egemen.kz.