
Таным • 21 Тамыз, 2024
Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.
Қоғам • 20 Тамыз, 2024
Абай күні жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа сипатта тойланып келеді. Әсіресе бұл мерекенің жастар арасында маңызы арта түсті. Соның бір дәлелі – елордада өткен «Dombyra party» атты әдеби-сазды кеш. Онда хакімнің әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Жобаның көңіл сүйінер ерекшелігі, ақын шығармашылығына қатысты челлендж 10 тамыздан бастап әр апта сайын жалғасып отырады. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Сарыарқа ауданы әкімдігінің ыждағатымен жасалған бұл іс-шара ерке Есілдің жағасында, ашық аспан астында ұйымдастырылды.
Таным • 15 Тамыз, 2024
Сіздің басыңызда мынадай жағдай міндетті түрде болған деп есептеймін. Ал егер болмаса, күндердің күнінде алдыңыздан шығуы бек мүмкін.
Абай • 13 Тамыз, 2024
Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының ыждағатымен 10 тамыз «Абай күні» деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Бұл күні еліміздің әр түкпірінде хакімнің мұрасы жан-жақты насихатталып, ән-жыры шырқалады. Мәселен, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Адамзаттың Абайы» атты ауқымды іс-шара өтті.
Форум • 08 Тамыз, 2024
Орталық Азия тарихшыларының форумы
Астанада «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер арасындағы диолог» атты Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының І форумы өтті. Ғылыми мәжіліске елімізбен қатар Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекетінің 60-қа жуық тарихшы ғалымдары қатысты. Форум жұмысы үш панельдік сессия аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітап және мұрағат көрмелері, оның ішінде XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы айқындалған еуропалық және америкалық карталар көрмесі ұсынылды.
Мәдениет • 03 Тамыз, 2024
1508 жылдың көкек айында Папа Юлий Микеланджелоны Римге шақырады. Дінбасы оған шіркеуге күрделі әрі таңғажайып фреска салуды ұсынады. Микеланджело одан бас тартпақ болады. Себебі оған Құдайдың әлемді жарату кезеңін бейнелеу керек-тұғын. Адам ақылы жетпейтін әрі тәңірлік тылсымға толы дүние болған соң мүсінші жүрексінеді. Бірақ Юлий «Әгараки бас тартсаң, туған қалаң Флоренцияға әскер жіберемін», деп доқ көрсетеді. Амалы қалмаған Микеланджело «Сикстин капелласының» төбесін безендіруге кіріседі.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2024
Астана қаласынан бес шақырым жерде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағында «Бозоқ аруының шашбауы» атты республикалық этнографиялық фестиваль өтті. Салтанатты іс-шара аясында «Шолпы тағу» рәсімі көрсетілді.
Ең қысқа әңгіме • 31 Шілде, 2024
Өзіңді жақсы көру керек деп өзеуреп жатамыз. Осы ойды басшылыққа алып, қалағанымызша жүрсек, тойғанымызша жесек дейміз. Бірақ өзіңді сүймесең өмірдің өзі болмас еді ғой. Біз өзіміз деп кеудеміздегі құдайлық рухты айтамыз ба, жоқ нәпсімізді ме?
Ғылым • 30 Шілде, 2024
Көмірсутек бейтараптануын кеңейтетін жоба
Назарбаев университетінің жас ғалымдары көмірсутекті бейтараптандыру саласында серпінді жоба дайындап жатыр. Мұнай өндіре бастаған жүз жылдың бедерінде ел аумағында көптеген жерасты қуысы пайда болған. Аталған оқу ордасындағы тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің магистрлері мен докторанттар тобы бұларды ел экономикасына тиімді пайдалануға болады деп есептейді. Мәселен, көмірқышқыл газын сақтау үшін. Ғылыми жобаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттің бірден екі мәселесін шешуге жол ашады. Біріншіден, ауа құрамы зиянды қалдықтардан тазартылса, екіншіден, қарқынды мұнай өндіру аумағында пайда болатын жер астындағы бос кеңістіктер толтырылады.
Әдебиет • 30 Шілде, 2024
Әулиелер мен хакімдерден кейін пайғамбарлық аманатты арқалайтын – ақындар. Тілім-тілім жүрегінен шашыраған Тәңірінің сәулесін жаһанға жаятын осы санат сарбаздары. Ол дүниеге келген кезде аспанның алты қабатындағы мәликелер мейрам етіп, бақиға бет түзегенде, көзінің жасын әбден бұлайды. Ал Тәңірлік әлемнің табалдырығын ашық-әшкере аттамай, жоқтыққа шым батып кеткен қалам иелерінің тағдыр таланын қай өлшемге сала аламыз? Замандастары бес күн жалғанға екі-ақ күн түнеген Әділ Ботпановтың да ләмәканға сіңіп жоғалғанына әлі сенбейді. Құдды қасымызда жүргендей, күндердің күні күлімсіреп алдымыздан шығатындай күтеді. Ал кей достары оны өлеңнің қандай болу керектігін көрсетті де, ғайып-ерен қырық шілтеннің артына ілесіп кете барды дейді.