Ержан ҚОЖАС
Ержан ҚОЖАС«Egemen Qazaqstan»
98 материал табылды

Қоғам • 06 Шілде, 2024

Бес зауытты біріктірген кәсіпорын

Астана қаласында орналасқан «ATM Construction & Investment» кәсіпорнында құрылысқа қажетті витраж, терезе, металл конструкциялық бұйымдар өндіріледі. Медициналық жабдықтар және оған қажетті жиһаздар, мектеп, балабақша, кеңсеге қажетті мүліктерді де жасайды.

Қаржы • 06 Шілде, 2024

Инвестиция қай салада басымдыққа ие?

Елдің бас қаласы бүгінде инвестиция тарту орталығына, ең үлкен жобалар астанасына айналғалы қашан?! Жыл өткен сайын елордаға салынған инвестиция көлемі артып келеді. Былтыр 6,6% өсіммен 1,6 трлн теңге деңгейінде рекордтық инвестиция тартылған болатын. Оның ішінде тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд долларды құраған. Ал жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 5 айдың қорытындысымен 6,9%-ға өсіп, 469,3 млрд теңге болып отыр.

Экономика • 04 Шілде, 2024

Салаға арналған сан алуан өнім

Тек тігін өндірісімен айналысатын «Astana Ютария LTD» серіктестігі елорда маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан компания көбіне-көп арнайы қызмет түрлеріне арналған киім тігеді. Жоба құны – 2,2 млрд теңге. Компания бір жылда әр мамандыққа арналған 200 мың дана киім өндіруге қауқарлы.

Шаруашылық • 25 Маусым, 2024

Агробанк мәселесі байыпталып жатыр

Азық-түлік өнімдерін өндіруші фермерлердің салалық банк керек деп мәселе көтер­геніне біраз уақыт болды. Былтыр желтоқсанда депутаттардың біразы аграрлық банктің пайдасы жөнінде тәптіштеп түсіндірсе де, сең қоз­ға­лар емес. Жауапты органдар салалық қаржы институтын құру туралы фер­мер­лер мен шаруашылық төрағаларының сұранысын қанағаттандырудан неге қаш­қақтайды?

Өндіріс • 25 Маусым, 2024

Танымал кәсіпорынның бүгінгі тынысы

Тарихы 80-жылдардан басталатын Қазалы темір-бетон зауытында теміржолға, көпір құ­ры­лысына қажетті темір-бетон балкалары, құбыр­лар, жоғары кернеулі желі­ге арналған бағаналар, сон­дай-ақ көпқабатты үй құ­ры­лысына қажет­ті темір-бетон бұйымдары­ның 60-тан астам түрі өндіріледі. Зауыт жылына 10 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіруге бейімделген.

Салық • 22 Маусым, 2024

Жаңа Салық кодексі ұсынылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасымен Үкімет мемлекет пен биз­нестің қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзір­леп жатыр. Аталған құжат алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс. Сарап­шылардың пікірінше, жаңа кодексте елдегі салыққа деген көзқарас түбегейлі өзгереді деп күтіледі.

Мәселе • 19 Маусым, 2024

Утильалым қалай реттеледі?

2016 жылдан бері қолданыстағы утильалым жүйесі туралы мәселе ушығып тұр. Алымға қатысты дау қоғам арасында жиі талқыланады. Тіпті петиция жарияланып, 50 мың адамның қолы қойылған құжат Үкіметке жолданып, өткен аптаның соңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы жұмыс тобын құруға мәжбүр болды. Құрамында депутаттармен қатар, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен өнеркәсіп өкілдері және петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.

Өндіріс • 19 Маусым, 2024

Замана тынысына сай зауыт

Тамақ өнеркәсібі тәп-тәуір деңгейде түлеп келеді. Әсіресе жылдам пісетін немесе арнайы пеште ысыта қоятын тамақ түрлеріне сұраныс көбейген. Қарбаласы көп қала тіршілігінде дайын өнімді көбірек тұтынатын тұрғын да көп. Дүкен сөресінде де жартылай дайын фабрикаттарға орын көбірек беріле бастағандай. Заманның осы үрдісін тап басып таныған технологиялық зауыт елорданың дәл іргесінде іске қосылды. Жартылай фабрикаттар шығаратын жобаны «IL-TOV» ЖШС іске асырған. Аталған зауыт біздің елден бөлек, Орталық Азиядағы жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт болып отыр.

Шаруашылық • 15 Маусым, 2024

Асыл тұқымды түлік: Аз ба, көп пе?

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы басым бағыттың бірі – мал шаруашылығын дамыту. Жеке адам не шаруа қожалығы қолындағы малын асылдандыру арқылы одан мол өнім алуды көздесе, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Былтыр асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін субсидиялауға 147 млрд теңге бөлінген. Биылғы қаражат кемшіндеу. Осы жылы 108 млрд теңге қарастырылыпты.

Өндіріс • 14 Маусым, 2024

Жиһаз фабрикасының жетістігі

Осы жолы шағын көлік гаражының ішінен басталған цех жұмысының дамуы­на куә болдық. Екі гектарға жуық жерді алып жатқан «АVALON-К» жиһаз фабрикасы Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан.