Ержан ҚОЖАС
Ержан ҚОЖАС«Egemen Qazaqstan»
115 материал табылды

Қоғам • 31 Мамыр, 2024

«Самұрық-Қазына» қорының шетелдік серіктестері көмек қолын созды

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компа­ния­ларының шетелдік серіктестері Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске қаражат бөлді.

Шаруашылық • 29 Мамыр, 2024

Бас қаланы көкөніспен қамтитын жылыжай

Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орна­ласқан «Led system media» ЖШС 2018 жылдан бері жылыжайда көкөніс өсірумен айналысады. Мұнда жұртқа белгілі қияр мен қызанақтан бөлек, арнайы салат жапырақтары, құл­пы­най да өсіп тұр. 1,5 гектар аумақты алып жатқан көкөніс ал­қабының өнімін елорда тұрғындары тұрақты тұты­нып отыр. Ал қыс мезгіліне таман жылыжай басшылы­ғы бұл дақылдарды арнайы ыдысқа консервілеп, сатылымға шығарады.

Экономика • 25 Мамыр, 2024

Президент жарлығы экономиканы қалай өзгертеді?

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Аты айтып тұрғандай, құжат ел экономикасының дамуына септігін тигізетін тетіктермен толықтырылған. Басты бағыт бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамту болып отыр. Бүгінде жаңа Жарлықтың ел экономикасына әсері мен ұтымды тұсы туралы сарапшы мамандар түрлі пікір мен болжам жасап та үлгерген.

Өндіріс • 24 Мамыр, 2024

Қозғалтқыш өндірісін дамыта түседі

Астана қаласында құрылған «Navy Co» ЖШС негізінен тапсырыс аясында жұмыс істейді. Өйткені шығарып отырған өнімі көп тер төгуді қажет ететін дүние. Тәжірибесі мол мамандарды ғана топтастырып, сапа кепілдігіне мән берілуге тиіс. Брондалған әскери машиналарға арналған қозғалтқыш өндірісін жолға қойған компания өз өнімін елдегі Қорғаныс министрлігінен бөлек, сырт мемлекеттерге де жіберуді жоспарлап отыр.

Қоғам • 23 Мамыр, 2024

«Сатып алудағы» сергелдең азая ма?

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі және құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажеттігі туралы биік мінберлерден жиі айтылып жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, одан кейін Үкімет басшысы айтты. Негізінен сынға алды. Салада шамадан тыс бюрократия, созбаққа салынатын процедура көп, ашықтық пен нақтылық жоққа тән. Соны түзеу керек. Ал өткен аптада бірнеше айдан бері қаралып жатқан «Мемлекеттік сатып алу тура­лы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Өзгерген заң жобасы бойынша біраз ілкімді шараларға басымдық берілген. Түзетілген нұсқа Сенат қарауына жіберілді.

Өндіріс • 22 Мамыр, 2024

Ас тұзын өндіретін «Алтын Орда»

Азық-түлік саласында айрықша рөлі бар өнімнің бірі – тұз. Жалғыз бұл салада ғана емес, кейбір өндірістік жұмыстарға да пайдасы зор элементтің адам өмірінде маңызы ерекше. Біздің елден шығатын осы өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймайды, ТМД елдеріне де экспортталады.

Пайдалы қазбалар • 18 Мамыр, 2024

Қазба байлық қазан түбінде қалды ма?

Саланы ішінен білетін мамандар елдегі қазба байлық қоры түгесіліп келеді деп дабыл қағып жүр. Бәлкім, геологиялық саланы дамытуға, жерасты қазба байлығын барлауға бөлінетін мемлекет қаржысының тым төмендігі болар, соңғы жылдарда бірде-бір кен орны ашылмаған. Жерасты өте сирек кездесетін металға бай ел мұндай маңызды істе неге сылбыр қимылдап тұр? Топырағына қайла тимеген өлкелердің астында мол мұра жатпасына кім кепіл?

Өндіріс • 18 Мамыр, 2024

Құрылыс қажетін өтейтін өндіріс

Жоба құны 28 млрд теңгеге жуықтайтын үлкен кәсіпорынның елдегі құрылыс саласындағы орны ерекше. Айтып отырғанымыз, «Modex Astana» жеке серіктестігі – Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан темірбетонды құрастырмалы блок-модуль шығаратын өндіріс орны. Дұрысы мұнда көпқабат­ты үйдің әр бөлмесі мен бөлік­тері (едені, төбе, қабырғалары, сондай-ақ балкон бөліктері, т.б.), жеке-жеке құйылып әрі осында құрастырылады.

Экономика • 17 Мамыр, 2024

Атауы өзгерген акционерлік қоғам

Елдегі ең ірі газбен жабдықтаушы компания – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атауы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ деп өзгерді. Компанияның логотипіне де өзгертулер енгізілді. Кешеден бері дәл осы атаумен тұтынушыларға табиғи газ жеткізумен айналыса бастаған. Компания өкілдерінің айтуынша, ребрендинг, яғни брендтік атауын өзгерткен компаниядағы бұл трансформация бірқатар ішкі бизнес үдерістерге де әсер етеді.

Еңбек • 16 Мамыр, 2024

Кәсіпкер жетістігінің сыры неде?

Көнекөз қарттар «Әр істің бір қайыры бар» деуші еді. Рас шығар. Бәлкім, осы оқиға басына түспесе, біздің кейіпкер бизнес әлеміне бармас па еді? Бір кезде жұрт жабыла сөккен бұл азаматтың қазір абыройы асқақ, беделі биік. Жаңаөзен тумасы Темір Лесовтің табыс тарихына үңіліп көрелік.