Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
112 материал табылды

Үкімет • 29 Мамыр, 2025

Мәжбүрлі неке заңмен жазаланады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында комитеттер бірқатар ратификациялық жобаны жұмысқа қабылдады. Және де елімізде эндаумент-қорлар туралы жеке заң пайда болмақ. Сондай-ақ тиісті заңдарға жеке академияларға өз атауларына «ұлттық» сөзін тіркеуге тыйым салатын нормалар қабылданып, жергілікті полиция қызметінің таратылатыны да белгілі болды.

Партия • 27 Мамыр, 2025

«Ауыл» партиясының ширекғасырлық белесі

Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық орталығында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай, «Ауыл» партиясы: 25 жыл белесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында еліміздегі саяси реформалық өзгерістер тұрғысынан партияның тарихи тәжірибесі зерделеніп, қазіргі кезеңдегі жаңару және қайта жаңғыру үдерістеріне баға берілді, болашақтағы бағдары сараланды.

Суицид • 27 Мамыр, 2025

«Вертер әсері»: суицидке медиа себеп пе?

Бала кезімізде кейбір қазалы үйге көңіл айта барған үлкендерден марқұмды «жұмбақ жағдайда» қайтыс болыпты деп қана естуші едік. Яғни ел ішінде өзіне қол салған кісі өлімін қашанда жасыруға тырысады. Сондай «жұмбақ» өлімдердің кейбірінің нақты себебін бертінде ғана ес кіргенде білдік. Қазақ екінші жағынан «Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» деп те аурудың алдын алуға асқан сақтықпен қараған. Бүгінде суицидті жасыру былай тұрсын, ол мемлекеттік деңгейде ашық талқыланып, оны болдырмаудың сан түрлі жолы қарастырылып келеді. Себебі бұл кеселді, әсіресе жастарды төңіректеп алған осы ауруды ауыздықтау мүмкін болмай бара жатыр.

Туризм • 22 Мамыр, 2025

Іскерлік туризм: Еліміз Еуропаның топ-35 қатарында

Былтыр еліміздегі халықаралық қауымдастықтардың іскерлік іс-шаралар сегментіндегі қызмет экспортының жалпы көлемі 4,6 млн долларды құрады. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) жаңа жаһандық рейтингіне сәйкес еліміз халықаралық MICE іс-шараларына қатысуы жағынан кезекті рет Орталық Азиядағы көшбасшы атанып, Еуропаның топ-35 елінің қатарына енді.

Үкімет • 22 Мамыр, 2025

Медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілмек

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Атап айтсақ, дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыратын заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Әскер • 07 Мамыр, 2025

Айбыны асқақ армия

Жеңістің 80 жылдығы құрметіне Астана қаласында дәл бүгін – Отан қорғаушы күнінде үлкен ауқымдағы парад ұйымдастырылатыны күн ілгері белгілі болған. Әскери шерудің дайындық барысын тамашалап қайтқан тілшіміз бұл салтанатты іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің рәміздерінің біріне айналып, жұлдызы болып жарқыраған «Т-34» танкісінен бастап, бүгінгі заманауи әскери дрондардың да сап түзейтінін біліп қайтқан-ды.

Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025

«Батырларға тағзым» порталы күн сайын толығып келеді

Елімізде «Батырларға тағзым» порталы іске қосылған алғашқы күндері-ақ өңірлердің белсенділігі байқалды. Дегенмен ақпараттар әр өңірден әркелкі келді. Порталға келген анкеталардың саны күн сайын артып келеді. Мәселен, алғашқы айда Қарағанды облысы мен Алматы қаласы тұрғындары белсенділік танытқан. Бұл өңірлер – соғысқа қатысқан отандастарымыздың ең көп шоғырланған аймақтарының бірі.

Мереке • 01 Мамыр, 2025

Елдіктің берік тұғыры

Ынтымағы жарасқан елдің ғана ризығына бақ бұйыратыны Төле бидің әкесінен көрген тәрбиеге толы тәмсілінде тауып айтылған. Әлібек бидің бала Төлені сынап көрген бір бума шыбық сындыру тәжірибесі күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Жастайынан талай атақты абыздың алдынан өтіп, солардың батасымен бағы жанған төбе бидің тәмсілі әлі талай елдік мәселемізге жарар. Ынтымақ-бірлігімізді бекемдеуде таптырмас құрал болар.

Үкімет • 24 Сәуір, 2025

Зияткерлік меншік құқын қорғау шаралары күшейтіледі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың тарағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар бірқатар заң жобаларын қарады. Атап айтсақ, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасын жұмысқа қабылдап, зияткерлік меншік, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері қамтылған заң жобаларын бірінші оқылымда талқылады.

Жастар • 23 Сәуір, 2025

Жастар және сайлау тәжірибесі

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен елордалық жастарымен кездесті.