
Отбасы • 12 Маусым, 2024
Отбасы қауіпсіздігі – ортақ мәселе
Мемлекетіміздің басты байлығы, қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда анық жазылған. Сондықтан құқықтық мемлекетте адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруге, қорлауға, ұрып-соғуға, қысым көрсетуге жол жоқ. Президент ана мен бала құқығын қорғауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықты реттейтін жаңа заңға қол қойғанына да көп уақыт өте қойған жоқ.
Саясат • 11 Маусым, 2024
Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөзі және қазақ-корей бизнес-форумы жоспарланған. Сонымен қатар келіссөз аясында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы құжаттарға қол қойылады.
Сауда • 30 Мамыр, 2024
Қазақ-қытай сауда қатынасының жаңа белесі
Қазақстан мен Қытай үкіметтері халықаралық автомобиль тасымалы көлемін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Еуропа бағытына арналған контейнерлік пойыздар тасымалын жетілдіруге білек сыбана кіріспек. Оған Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қабылданған бір-бірімен біте-қайнасқан үш ілеспе заң мүмкіндік бермек.
Саясат • 25 Мамыр, 2024
Қазақстан - Сингапур: Серіктестік дамып келеді
Экватордың бойында жатқан Сингапур Республикасы – Астана қаласынан сәл ғана үлкен аралда орналасқан әрі мемлекет, әрі қала. Елдің аумағына негізгісінен бөлек тағы алпыстан астам арал кіреді. Осындай шағын ғана қала-мемлекет бүгінде әлемнің небір алпауыттарымен терезесі тең дәрежеде жан-жақты дамып келеді. Қазақстан мен Сингапур да отыз жылдан бері бірі Орталық, енді бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде біраз жетістікке қол жеткізді.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Дүниені бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында адам саудасы, ат спорты бағытындағы қазақы жылқы түрін сақтап қалу, экологиялық таза көлік түрлерінің қоғамдағы беделін арттыру, биржа саудасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау бойынша салықтық жеңілдіктер қарастыру, өзге де өзекті бірқатар заң жобасы талқыланып, тиісті шешімдері шығарылды.
Сұхбат • 15 Мамыр, 2024
Әзербайжан-Армения: Ортақ мәміленің жандануына Қазақстан да мүдделі
Күні кеше Алматыда өткен Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуіне өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке мүдделі Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия елдерімен стратегиялық әріптестігі қалыптасқан біраз ел басшылары құлақ түргені анық. Алматы келіссөзінде шекаралық шиеленіс түбегейлі шешілмесе де қос тарап мұндай диалогке алдағы уақытта да баруға дайын екендерін мәлімдеді. Осыған орай біз Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен ӘБЕНГЕ Әзербайжан-Армения тақырыбындағы өзекті мәселелерге қатысты бірнеше сұрақ қойған едік.
Айбын • 07 Мамыр, 2024
Осы күнге дейін өмірдің сан саласында түрлі мақсатта пайдаланылып келген ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды бүгінде әскерилер де кәделеріне жарата бастады. Олардың ішінде ірі барлау, шабуылдаушы, бақылаушы дрондар бар. Сондай-ақ FPV шағын дрондары да соғыс «кәдесіне» жарап тұр.
Саясат • 03 Мамыр, 2024
Әзербайжан – Армения: Алматы келісімінен не күтеміз?
Бүгінде бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД-ның кейбір елдері арасында өңірдегі геосаяси ахуалды күрделендіріп тұрған шекара даулары аз емес. Мұның басты себебі ретінде анклав мәселесі тұрса, екінші жағынан делимитация және демаркация ісінің дер кезінде қолға алынбағаны да айтарлықтай салқынын тигізіп тұр. Әсіресе шекара дауы кейінгі жылдары Армения мен Әзербайжан елдері арасында ушығып, тіпті адам шығынына әкелген әскери қақтығысқа дейін ұласты. Бұған халықаралық қауымдастықпен бірге Қазақстан да қатты алаңдаулы.
Абай • 01 Мамыр, 2024
Абай кемелдігі – әлемнің олжасы
Бүгінде Абай десе – қазақ, қазақ десе – Абай еске түседі. Ұлы ақынды таныту мақсатында елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін де көп жұмыс атқарылды. Әлемнің әр түпкірінде ақынның атын алған көшелер мен көптеген қаланың көрікті жерінде ашылған ескерткіштер де аз емес.
Құрылтай • 19 Сәуір, 2024
Ұлттық құндылық – бірегейлік негізі
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз болған ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық сана мәселелеріне қатысты бүгінде еліміздің әр өңіріндегі қызу талқылау жүріп жатыр. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық құндылық – ұлт бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстелде де ел ертеңіне қатысты өзекті жайттар талқыланды.