
Пікір • 11 Желтоқсан, 2024
Тұрғын үй кодексі – бірегей мүмкіндік
2020 жылдан бастап елімізде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұл заң бойынша тұрғын үй кооперативтері (ТҮК) орнына мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестіктер құрыла бастады. МИБ тек бір үйді басқарса, ТҮК бірнеше үйдің қаражатын ортақ есепшотта жинақтайды. МИБ арқылы тұрғындар өз үйлерінің қаражатын бақылап, жөндеу жұмыстарына қаржы жинауға мүмкіндік алды. Бірақ көпқабатты тұрғын үйлердегі заңдық мәселелер әлі бір ізге түскен жоқ. Бұған елімізде әлі күнге тұрғын үй кодексінің қабылданбауы да себеп болып отыр.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Үлкен қалаларда, әсіресе мегаполистерде жаңа тұрғын үй саны көбейіп келе жатыр. Сәулеті мен сәні асқан баспана ғимараттары алыстан көз арбайды. Заманға сай тұрмыстық қажеттіліктерді ескеру де жүйелене түскен.
Сараптама • 02 Сәуір, 2024
Алдыңғы аптада әлеуметтік желілерде ажырасудан еліміздің әлемде «көшбасшы» екені туралы ақпарат кеңінен тарап кетті. Кейін белгілі болғандай, бұл жалған ақпарат болып шықты. Алайда ішінара шындығы да жоқ емес еді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 128 359 неке қиылып, 44 517 ажырасу фактісі тіркелген. Қалада 33 229 жұп ажырасса, ауылда 11 228 жұп бөлек кеткен.