Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
450 материал табылды

Ғылым • 06 Қаңтар, 2026

Есеп. Естелік. Ереже

Күнтізбе парағы ауысқанда әркім жаңа жылды өз танымымен қарсы алады. Бірі жақындарына хабарласып алғыс айтады, бірі балалық шақтағы сәулелі сәттерін еске алады, енді бірі өткенге ой жүгіртіп, болашаққа жос­пар құрады. Ал білім мен ғылым саласының өкілдері үшін жыл ауысуының мәні қандай, жаңа жыл қарсаңында олар кімге тілек айтып, жастарға қандай бағыт-бағдар ұсынады? Мереке кезінде ректор, университет деканы, ғылыми кеңесші және білім саласындағы кәсіпкердің жаңа жыл ­туралы ой-толғамы мен ақжарма тілегін ұсынып отырмыз.

Digital • 01 Қаңтар, 2026

«Astana Hub»: заманауи жобалар

«Astana Hub» – кейінгі жылдары еліміздегі талай идеяға «қанат» бітіріп, стартап деген ұғымды жұртшылыққа жақындатқан орта. Жас кәсіпкер, инвестор, тәлімгер және ІТ мамандарының басын қосып, технологияны жай әңгіме емес, нақты өнімге айналдыратын осы алаң енді 2026 жылы да қарқынын бәсеңдетпек емес.

Білім • 31 Желтоқсан, 2025

Маман даярлау сапаланды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп аталып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі айшықталды. Әрине, мықты маман бір күнде қалыптаспайды. Өндіріс талабына сай кадр даярлау ұзақ та жүйелі еңбекті талап етеді. Ал сол жұмысшы мамандықтарының алғашқы «ұстаханасы» – колледждер екені белгілі. Бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік білім ұйымдары қандай нәтиже көрсетті? Қоғамның еңбек адамына көзқарасы шынымен өзгерді ме, студенттердің жұмысшы маман болуға ықыласы артты ма? Осы сауалдардың жауабын саралап көрдік.

Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025

Сарқырама тоқтаған күн

Ниагара сарқырамасы қыста жиі «мұз сауытын» жамылғандай әсер қалдырады. Бірақ су ағыны то­лық тоқтап қалуы – өте сирек құбылыс.

Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025

Бір сағаттағы үш мереке

Аустралияда Жаңа жылды бір сағаттың ішінде үш рет қарсы алуға болатын қызық жағдай бар. Мұның сыры – елдің барлық аймағы бірдей жазғы уақытқа (DST) көшпейтінінде.

Digital • 31 Желтоқсан, 2025

Технологияны тегін меңгереді

Астанада еліміздегі алғашқы креативті технологиялар орталығы – «TUMO Astana» өз жұмысын бастайды. Бұл орталықта 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тегін меңгереді. Айта кетерлігі, жеткіншектер оқуға түсу үшін емтихан тапсырмайды және жарысқа түспейді.

Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025

Сиқырлы пошта

Балалардың «Аяз атаға, Солтүстік полюске» деп жолдаған хаттары кейде нақты мекенжайы болмаған соң жоғалып кетуі де мүмкін. Бірақ бұл мәселені ерекше тәсілмен шешкен бір ел бар. Канада пошта қызметі Аяз атаға арнайы пошта индексін ресми түрде бекіткен.

Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025

Ең ақылды мемлекет

«World of Card Games» журналының жаңа зерттеуі халықтың орташа IQ көрсеткішін және Нобель сыйлығына үміткерлер санын есептей отырып, әлемдегі ең ақылды елдердің рейтингін жасады. Нәтижесінде, көш басына Швейцария шықты.

Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025

Санта-Клаустар сайысты

Германия астанасы Берлинде Санта-Клаус киімін киген мың­даған адам қайырымдылық үшін жүгірді. Бұл марафон жыл сайын желтоқсан айында ұйымдас­тырылып келеді.

Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025

Роботтар оқитын университет

Қытайдың Бейжің қаласында ақылды роботтарға арналған ерекше оқу орны ашылды. Мұндағы Куафу атты «студенттердің» бойы 1,66 метр.

Яндекс.Метрика