Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
667 материал табылды

Экология • 15 Қазан, 2024

Экологиялық жобаларға бет бұрған алюминий зауыты

Қазақ жеріндегі мол боксит шикі­за­тын өндіруді жолға қою не­гізінде 60 жыл бұрын салын­ған Павлодар алюминий зауыты бүгінде табысты жұмыс істеп тұр. Еліміздегі алюминий тотығын өндіретін жал­ғыз ірі кәсіпорын. Өндіріс орны соңғы жылдары технологиялық қайта жа­рақталуды айтпағанда, қор­ша­ған ортаға оң әсерін тигі­зе­тін экологиялық жобаларды іске асыра бастады.

Басылым • 15 Қазан, 2024

Батыр туралы туынды

Павлодарда Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді. Туынды «Жизнь замечательных людей» сериясымен жарық көрген.

Өндіріс • 11 Қазан, 2024

Өңірде баламасы жоқ зауыт

Ертіс-Баян өңірінде құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды қайта өңдейтін комбинаттың құрылысы басталады. Жаңа өндіріс жылына 300 мың тонна шикізат өңдеп, одан шығарған доре қорытпасын (алтын және күміс қорытпасы) афинаж зауытына ұсынады. Доре қорытпасынан банктерге қажет алтын құймасы жасалатынын екінің бірі біле бермес.

Төтенше жағдай • 09 Қазан, 2024

Баянауылды өрт тұмшалап тұр

6 қазан күні Қарағанды облысының аумағында басталған өрт Баян­ауыл ауда­нының бір ауылдық аума­ғына өтіп кетті. Тілсіз жау Күркелі ауыл­дық округіне қа­рай­тын Жел­тау бөлімшесі мен Бәйнеке қыс­тағының аумағына кірген. 18 адам қа­уіпсіз жерге көшірілді.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Баянауылда дала өрті шығып, бір ауылдың адамдары қауіпсіз жерге көшірілді

Өрт Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кеткен. Қазіргі уақытта 18 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Павлодар облысында 505 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасайды

АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда Павлодар облысынан 505 673 адам дауыс беру құқығына ие.  Оларға 520 референдум учаскесі қызмет көрсетеді.

Ұстаз • 05 Қазан, 2024

Табысты ұлт болу – тәрбиеден

Уақыт көші ұзаған сайын ұлттық тәрбие мен білім беретін мектептің жүгі де ауырлай түскен. Осы бір биік үдеден шығуды мақсат еткен керекулік дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның ел аузында аты мақтаулы, беретін білім-тәрбиесі құнарлы.

Өнер • 04 Қазан, 2024

Суретшілер – Керекуде

Керекуде Халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына арналған халықаралық пленэр өтті. Кәсіби суретшілер мен өнертанушыларды, шығармашыл жастарды біріктірген мәдени іс-шара классикалық және заманауи өнер үдерістерін қолдаудың бірегей платформасы ретінде танылды.

Аймақтар • 02 Қазан, 2024

Жылу берудің жайы

Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу жұмыстары тәмамдалып қалды. Қазірде Ақсу қаласындағы барлық тұрғын үй жылуға қосылған. Ал Павлодар мен Екібастұздағы іс-шаралар бір-екі күнде аяқталуы тиіс.

Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024

Жазушының жұрағаты

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Жүсіпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр Аймауытовтан қалған жә­ді­герлер тапсырылды. Ұлының тұяғы кеңес өкіметінің солақай сая­са­­тынан өмір бойы Азия елдеріне шығарылмай, «халық жауы­ның баласы» деген жаламен 10 жылын Ресей түрмелерінде өткізген.