
Фото: Pavlodarnews.kz (архив)
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі бүгін төрт құтқарушының өмірін қиған апатқа кінәлі тұлғаларға қатысты алдын ала сот отырысы болатынын хабарлады.
«Бүгін Баянауыл аудандық сотында «Майқайыңалтын» кенішінде қаза тапқан төрт құтқарушының ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтеді. Отырыс сағат 15.00-ге белгіленген. Алдын ала тыңдаулар өтуіне байланысты отырыс жабық режимде болады», деп мәлімдеді өңірлік соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.
«Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішінде төрт құтқарушының өмірін қиған апатқа кінәлі тұлғалар ретінде 6 адам ұсталғаны туралы бұған дейін жазғанбыз. Олар — «Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин, директордың бірінші орынбасары Қанат Баширов, орынбасары Иван Терешков, Майқайың жер асты кенішінің директоры Андрей Шувалов пен оның орынбасары Берік Назыров, кеніштің бас инженері Дінмұхамед Қайыпқанұлы.
Павлодар облысы