
Сайлау • 05 Қараша, 2023
Павлодарда үш ауданның халқы өз әкімдерін сайлауға белсене қатысып, дауыс берді. Ақтоғай, Шарбақты, Железин өңірлерінде бұл күні 87 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Жиырмаға жуық үй жылуға жарымай отыр
Екібастұзда әлі де 20-ға жуық көпқабатты баспана жылумен толық қамтылмаған. Жылу жүйесіндегі қысым мен айналымдағы параметрлердің әлсіз болуынан мыңдаған пәтердің тұрғындары қарашаның қара суығында тонып отыр.
Мирас • 01 Қараша, 2023
Мәскеуді думанға бөлеген «Әл-Әки»
Республика күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, мерекелік концертте павлодарлық «Әл-Әки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Майдангерді мерейтойымен құттықтады
Павлодар облысының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Жәдігер • 29 Қазан, 2023
Заманында академик Қаныш Сәтбаев пайдаланған жазу мәшіңкесі табылды. Жәдігерді баянауылдық ерлі-зайыпты Михаил және Галина Баек отбасы осы уақытқа дейін сақтап келген.
Шахмат • 26 Қазан, 2023
Павлодарда шахматтан «Pavlodar Open» халықаралық турнирі басталды. Бұл жарысқа жуықта Дохада өткен дүниежүзілік бәсекеде әлемнің үздік шахматшыларының бірі Магнус Карлсенді жеңген павлодарлық Әлішер Сүлейменов те қатысып жатыр.
Ауыл • 24 Қазан, 2023
«Біз Қаныш Сәтбаев ауылынанбыз!»
«Бірде республикада шың асқан шәкіртіммен Мәскеудегі төрткіл дүниенің дарынды балалары жиналған білім сынына бардық. Сонда Қазақстандағы Қаныш ауылынан келгенімізді білген ресейлік оқымыстылар бізді көпке дейін жібергілері келмеп еді. Туған үйден 4 мың шақырым жерде жүрсек те, Қаныш ағаның шапағатын сезіндік. Академиктің ауылында туу бір бөлек, ал оған лайықты болудың салмағы зіл батпан екен...».
Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Жылу маусымы алдындағы алаң көңіл
Кереку өңірінде кешеден бері ызғарлы жел тұрып, қар ұшқындай бастағаны сол, екібастұздық тұрғындар жаурап жатырмыз деп дабыл қақты. Қаланың №19 шағын ауданындағы көппәтерлі төрт үйде жылу да, ыстық су да жоқ. Жылытқышпен бой жылытқан отбасылар жергілікті әкімдіктің уәдесіне тойып болдық деп отыр.
Кітапхана • 23 Қазан, 2023
Ауыл кітапханаларын жаңғырту қажет
Үлкен шаһарларды қойып, қазір ауылдық жерлердегі кітапханалар да заманға сай өзгеріске ұшырап жатыр. Көпшілік оқырманның бос уақытына орай бейімделіп, кітап оқушылар санын еселей түскен ауыл кітапханашыларының еңбегі бағалауға тұрарлық. Тек кейде қысқа жіп күрмеуге келмей жатады.
Аймақтар • 20 Қазан, 2023
«Достықта» автономды трамвай жүреді
Трамвай көлігі жайында сөз қозғала қалса, Павлодар қаласы алғашқы болып ауызға ілігері анық. Бүгінде шаһар рәмізінің біріне айналып үлгерген рельсті көлік экологиялық жағынан да тиімді. Алдағы уақытта қаланың шеткері шағын аудандарына да автономды трамвайлар жүре бастайды.