
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Керекудің онсыз да тар көшелерінде темір тұлпарымен атырынып, жаяу жүргіншілерге жол бермейтін бейбастақ жүргізушілерді тәртіпке шақырудың жолы табылғандай. Алдағы жылдары Ертіс-Баян өңірінде 390 аппараттық-бағдарламалық кешен мен 6,5 мың бақылау камерасын орнату көзделіп отыр.
Табиғат • 19 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» республикалық экологиялық акциясына керекулік жастар мен жергілікті тұрғындар да белсене атсалысты. Бұл күні туристік аймақ – Баянауылда 200-ден астам, ал облыс орталығындағы тазалық іс-шараларына мыңға жуық адам қатысып, туған өлкелерін қоқыстан тазартты.
Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023
Қант диабеті – ағзадағы зат алмасу қызметінің бұзылуынан пайда болатын қауіпті әрі созылмалы дерттің бірі. Керекудің емдеу мекемелері жыл басынан бері 45 мыңнан аса тұрғынды скринингтен өткізіп, 465 адамнан қант диабетін анықтады.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Керекуде үй жануарларын чиптеу, қараусыз қалған жануарларды есепке алу шаралары басталып кетті. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес, жануарларға чип егу шығындарын иесі көтереді. Мамандар «тіркеу шығындары аса қымбат емес, 3-4 мың теңгенің айналасында» деп отыр.
Шаруашылық • 11 Қыркүйек, 2023
Агроғылым бизнестің әлеуметтік жүктемесіне айналса...
Елдегі ауылшаруашылық ғылымының үлесіне жыл сайын небәрі 12 млрд теңге немесе жалпы ғылым саласына бөлінген қаражаттың 13 пайызы ғана тиеді. Ал агрокешенде нәтижеге жеткен ғылыми жобалардың тек 8 пайызы өндіріске енгізіледі екен. Оның үстіне ғылыми жобалардың негізгі бөлігі агробизнес өкілдерінің қатысуынсыз, мемлекет ақшасына қаржыландырылады. Мұндай жағдайда сала мамандарына тығырықтан қалай шығуға болады?
Жәдігер • 10 Қыркүйек, 2023
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ертіс-Баян өңірінде дүниеге келіп, есімі елге мәшһүр болған тұлғалардың жәдігерлері топтасқан. Соның бірі – жазушы Қалмұқан Исабаевтың Германияда жасалған жазу мәшіңкесі.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2023
Халқымызда «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» деген әдемі нақыл бар. Өз ұрпағын инабаттылық пен мейірімге баулып, отбасы құндылықтарын сақтауды кішкентайынан құлағына құйып өсіретін үлкендеріміздің азаймағаны қуантады.
Шаруашылық • 07 Қыркүйек, 2023
Балық өсіретін шаруашылықтар мемлекеттік органдардың қолдауына зәру. Сала өкілдерінің айтуынша, су қорғау аймақтарындағы арнайы белгілердің болмауы, су қоймаларының жағалау аумағы өзге ауылшаруашылық құрылымдарына берілуі бұл кәсіпке үлкен кедергі келтіріп тұр.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023
Баянауылға барған жұрт Қоңыр әулие үңгірі мен Мәшһүр Жүсіп кесенесін, Ақкөл Жайылмадан Исабек ишан кесенесін іздейді. Алайда бұл қатарда Май ауданындағы Қалмаққырған тауының аты атала бермейтіні өкінішті.
Қоғам • 29 Тамыз, 2023
Жылу маусымы таяған сәтте көмірдің бағасы аспандап шыға келетіні қараша халықтың арқасына аяздай бататыны шын. Қазба байлық өндіретін монополист компаниялардың шешіміне жауапты министрлік те, жергілікті билік те әсер ете алмайтынын көріп жүрміз. Сүреңсіз жайт биыл тағы қайталанғалы отыр. «Майкөбе» кеніші отынның тоннасын бірден 500 теңгеге көтерсе, Шұбаркөлдің көмірі облыс орталығында 22 500 теңгеден сатылып жатыр.