Өндіріс • 30 Мамыр, 2024

Арнайы киім тігетін кәсіпорын

47 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Керекудегі «КазПрофБезопасность» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – еліміздегі жүздеген кәсіпорынның қызметкерін арнайы жұмыс киімімен қамтып отырған белді ұйым. Отандық нарықта 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орны бұған дейін Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен жеткізіліп келген өнімді бүгінде өзіміздің арзан әрі сапалы тауармен алмастыра бастады.

Арнайы киім тігетін кәсіпорын

Суретті түсірген – Есенжол ИСАБЕК

Соңғы жылдары мұнда оң өзгеріс болып, кәсіпорын толық қуатына шыққаны байқалады. ЖШС басшылығы еңбек ұжымының жетістігін мемлекет қолдауының нәтижесі деп біледі. Бүгінде мұнда бірнеше цех қайта жабдықталып, 50-ден астам тігінші түрлі кәсіпорын қызметкерлеріне жұмыс киімін тігіп жатыр. Компания басшысы Данияр Алпысбаев қазіргі тігін цехын кезінде Павлодар қаласының іргесіндегі шағын үй-жайды жалдап, тігіншілікпен айналысатын 10 маманнан бастағанын жеткізді. 

пр

– Бүгінде біз Павлодар облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен жұмыс істейміз. Астана және Батыс Қазақстан компанияларымен ынтымақтастық орнаттық. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуларға жеткізуші компания ретінде қатысамыз. Кейінгі жылдары жұмысымызда оң өзгерістер болып, цех толық қуатында жұмыс істей бас­тады. Мемлекеттік қолдау ар­қы­лы қомақты несиеге қол жет­кіздік. Атап айтқанда, біз «Даму» қоры арқылы 2020 жылы банктік несиелер бойынша субсидияланған пайыздық мөл­шерлемелерді пайдаланып, айналым қаражатын то­­лықтырдық. Өткен жылы қор­дан бірден 108 миллион теңгеге кепілдік алдық. Осының нәтижесінде өніміміздің өзін­дік құны айтарлықтай төмен­деп, Ресей, Қырғызстан, Қытай өндірушілерімен бәсе­ке­ге түсе аламыз. Алпауыт кәсіпорындардан ауқымды тапсырыстар түссе де, барлы­ғын уақтылы әрі сапалы орын­дауға мүмкіндік бар. Тігін цехы алғашқыда тек арнайы жұмыс киімдерін тігетін, қа­зір аяқкиім, каска, барлық қор­ғаныс құралына тапсырыс қабылдаймыз, – деді Д.Алпысбаев.

Айта кетейік, кәсіпорын 2002 жылы құрылған. Бүгінде арнайы жұмыс киімі мен аяқкиім, жеке қорғаныс құралдары на­ры­ғында аймақта көшбасшы болып отыр. Тігін цехында өнімдерді дайындау үдерісі заманауи жабдықта жүзеге асырылады. Барлық дайын өнім белгіленген сапа стандарттарына сәйкес «СТ-KZ» сертификатымен ресімделген.

Былтыр бизнес нысаны 300 млн теңгенің өнімін шығарған. Тұрақты тұтынушыларына үне­мі жеңілдік жасап, өнім ас­сор­тиментін кеңейтуге де талпынып отыр.

 

Павлодар облысы