Саясат • 02 Желтоқсан, 2022
Апат станса қызметкерлерінің кінәсінен болған
Кеше түстен кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға келді. Техногендік апаттың салдарын жою бойынша облыстық штабтың жұмысын зерделеп, үйлері жылудан ажыраған тұрғындардың мәселелеріне құлақ түрді.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда жағдай қайта ушықты
Сәрсенбі күнгі өткен брифингте Үкімет мүшелері жағдай жақсарады деп үміттендіріп қойғанымен, шын мәнінде уәделі жылу берілмеді. Суық пәтерлерде бала-шағасымен бүрсең қаққан жұртшылықтың тағаты таусылуға айналды. Ал жылудан ажыратылған үйлердің саны үсті-үстіне өсіп жатыр.
Аймақтар • 30 Қараша, 2022
Екібастұзда жағдай тұрақталды. Шаһарда сенбіден жексенбіге қараған түні орын алған апаттың салдары жойылып, жылу магистралындағы үлкен ақаулар толығымен реттелді. Қала бойынша кеше кешкі сағат 22.00-де қалпына келтіру жұмыстары мәреге таяп, жылудан толық ажырап тұрған 17 үйдің құбырларына жылу жіберуге дайындық басталды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Ел жастары қазақтың қанында бар кісіліктің көрінісін Екібастұзда көрсетті. Қақаған аяздың қыспағында қалған жұртшылыққа еріктілер көмекке келіп, жалғыз басты қариялар мен көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдесті. Күні-түні көшеде жанталасып құбыр жамап жүрген жұмыскерлерге ыстық тамақ пен шай апарып, олардың тоңып қалмауын қадағалады.
Абай • 30 Қараша, 2022
Ел ішінде сақталған Абай кітабы
Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы тарихи құндылығы тілмен айтып жеткізгісіз рухани олжаға кенелді. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Абай Құнанбайұлының 1909 жылы жарық көрген тұңғыш кітабының түпнұсқасы тапсырылды.
Аймақтар • 29 Қараша, 2022
Екібастұз: Жағдай әлі де күрделі
Бұған дейін Екібастұз қаласында көпқабатты 17 тұрғын үй жылуға қосыла алмай отырғанын хабарлаған едік. Кеше түске қарай апат салдарынан қосымша тағы 25 көпқабатты және 90 жеке үйде жылу беру мәселелері әлі де болсын шешілмей отырғаны анықталды. Жылу магистралында ыстық су жеткілікті болғанымен, ішкі желілерді реттеуде қиындықтар туындап жатыр. Оған қосымша бригадалар тартылды.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Әдетте «Апат айтпай келеді» деп жатамыз. Алайда Екібастұз шаһарына бұл жолғы апат айтып жетті. Жетіп қана қойған жоқ, жылу беру саласындағы жүйесіздіктерді әшкере етті. Әйтпесе қоғам белсенділері әбден тозған жылу-энерго орталығы мен жылу құбырларының мәселесін жыл басынан бері айтудай-ақ айтты. Еститін құлақ болмады. Жөндеу жұмыстары кеш басталып, артынша жылуға қосылған уақыттың өзінде де стансада қазандықтарды жамап-жасқау жалғасқанына куә болдық. Осының барлығы түптеп келгенде жылдар бойы зорға шыдаған ескі құбырдан саңылау тауып, аязда атылып шықты.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды
28 қараша күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда деп хабарлады жедел штаб.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Сақылдаған сары аяздың салдарынан Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат орын алды. Шаһардың жылу жүйесінде пайда болған зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған. Салдарынан қала бойынша барлық нысанда жылу батареялары салқындап, тұрғындар пәтерлерінде бүрсең қағып отыр. Ал көпқабатты 130 үй жылудан толықтай ажыратылды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Екібастұздағы апат: Ақаудың нақты себебі анықталған жоқ
Сенбіден жексенбіге қараған түні Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат болды. Шаһар ішіндегі жылу желілеріндегі зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.