
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Керекуде жергілікті полиция пункттерін оңтайландыру жүріп жатыр. Павлодар қаласында бұрын олардың саны 23 болса, қазіргі күні небәрі 16 полиция пункті жұмыс істеп тұр.
Сайлау • 16 Қазан, 2023
Алдағы қараша айында Павлодар облысының Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары әкімдерінің сайлауы өтеді. Қоғам өкілдерінің пікірінше, бұл пилоттық жоба – жергілікті басқару халықтың қолына беріле бастағанының айғағы. Қазірде аталған үш өңірге жетекшілік етуге 19 азамат үміт етіп отыр.
Өнер • 15 Қазан, 2023
Зайсанда туып, Баянауылда түлеген, Ақкөл Жайылмадан айтыс аламанына ат қосып, қазақ айтысының «Солақай серісі», «Керекудің Исасы» атанған айтыскер ақын Серік Құсанбаев 60 жасқа толды. Өнер иесінің құрметіне Павлодарда «Ақиқаттың ақбозын алшаңдатқан» атты шығармашылық кеш өтті.
Қоғам • 12 Қазан, 2023
Қоныс аударушыларға оң көзқарас керек
Еліміздің солтүстік өңірлері үшін оңтүстіктен теріскейге жалғасқан көштің үзілмеуі аса маңызды. Кейінгі жылдар дерегінде Керекуге мыңдаған отбасы қоныс аударып, тұрақ тапты десек те кейбір азаматтар өздеріне тиесілі көмекке уақтылы қол жеткізе алмай немесе жұмысқа тұруда қиындыққа кезігіп жүргендері байқалады.
Баға • 11 Қазан, 2023
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: Кеніштер өз мүддесін ойлайды
Көмір кеніштерінің қожайындары бұрынғы әндеріне қайта басып, көмір бағасын биыл да көтеріп жіберді. Қазіргі күні облыста отынның ең арзаны – 10 мың (тоннасына), қымбаты 25 мың теңгеге дейін жетіп тұр.
Әдебиет • 10 Қазан, 2023
Алты қаламгерге бұйырған арнайы сыйлық
«Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген тәмсілдің Кереку өңіріндегі рухани саладан байқалып отырғаны ел-жұртты қуантты. Жуықта Қазақстан Жазушылар одағы мен Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен жобасы аясында еліміздегі 6 бірдей танымал қаламгер қаржылай сыйақыға ие болды.
Аймақтар • 09 Қазан, 2023
Успен ауданының Галицкое ауылында ағалы-інілі екі бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болды. Жеткіншектердің мүрдесі егіс алқаптарын суаруға арналған жасанды су қоймасынан табылған.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2023
Павлодар облысы: Жұтаңдаған шабындық
Керекуде шөп бағасы әр өңірде әртүрлі бағамен босатылып жатыр. Қырдағы ауылдарда биыл шабындықтың жұтаң болуынан мал азығын сырттан тасуға көшті. Орташа есеппен салмағы 300 килограмдық бір ораманың құны 7-15 мың теңге тұрады.
Қазақстан • 08 Қазан, 2023
Тіл меңгеру: бастама мен шеберлік
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемесін бүгінде әр маман өзінше түзіп, жүргізеді. Тілді қызықты етіп әрі жеңіл меңгертудің жолы қандай? Бұл сауалдың жауабы әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр.
Қоғам • 06 Қазан, 2023
Ұлтты ұйыстырудың өзегі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілді екінші ана тілі санап, сөйлеуді мәртебе көретіндер қазақ тілді қоғамды қуантып қана қоймай, тіліміздің келешегі зор екенін айғақтай түседі. Бұл үрдістің кейінгі екі-үш жыл төңірегінде айқын басымдықпен өріс алып келе жатқаны да байқалып отыр. Керекудің төрінде өткен келелі жиын осыны айғақтай түсті.