Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
991 материал табылды

Аймақтар • 05 Қараша, 2025

Әуежай жұмысы қашан жалғасады?

Павлодар әуежайындағы ұшып-қону жолағын жаңарту жұмысы келер жылдың ортасында аяқталып, ұшақтарды қайта қабылдайтын болады. Жақында әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөнінде жиын өтіп, оның барысында жобаны аяқтауға қажетті қаражат заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен қалыптастырылған Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қамтамасыз етілгені атап өтілді.

Аймақтар • 04 Қараша, 2025

Ертіс бойындағы тағылымды кездесу

Павлодарда Халық қаһар­мандары мен Қазақ­станның Еңбек Ерлерінің республикалық IV конференциясы өтті. Іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жастардың патриоттық рухын ны­ғайту, азаматтық жауап­кершілікті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру бағытында тағылымды әңгімелер айтылды.

Қоғам • 04 Қараша, 2025

Ұлт ардақтылары ұлықталды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ертіс-Баян өңірінің Алаш ардақтыларына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты көрмесінің, сондай-ақ «Сәдуақас Шорманов» және Иса Байзақов туралы «Дауылпаз» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Театр • 04 Қараша, 2025

Екібастұзда қазақ театры ашылды

Кеншілер шаһарының руханияты үшін айтулы жаңалық десе жарасады. Жаңадан тұсауы кесілген «Ертіс-Баян» театры көрермен қауымның зердесін кеңейте түспекші.

Туризм • 02 Қараша, 2025

Баянауылда жеті ірі туристік жоба жүзеге асырылып жатыр

Олардың қатарында жағажайларды абаттандыру, бақылау алаңдарын салу, мәдени және экологиялық бағыттарды дамыту, сондай-ақ ішкі туризм инфрақұрылымын жетілдіру жобалары бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестиция • 02 Қараша, 2025

Ертіс-Баян өңірінде инвестициялар көлемі 30,3 пайызға өскен

Болжамдарға сүйенсек, биылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасының барлық негізгі бағыттарында оң серпін сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маман • 01 Қараша, 2025

Қажырлы кітапханашы

Оқырманды таңғажайып әлемге жетелейтін кітапханашылар қауымының мәртебесі бүгінде арта түспесе, кеміген емес. Ғұмырының жартысынан астамын осы салаға арнап, оқырманның рухани қажетін өтеумен жүрген мамандық иелеріне құрмет те жоғары.

Өндіріс • 30 Қазан, 2025

Алғашқы ферроқорытпа зауыты

Екібастұзда «KazFerroLimited» ЖШС-нің алғашқы ферроқорытпа зауыты іске қосылды. Жаңа кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін өнім шығарады.

«Таза Қазақстан» • 22 Қазан, 2025

Көшет – көшенің сәні

Екібастұз қаласында ауқымды көгал­дан­дыру акциясы өтті. Эко­логиялық іс-шараға билік өкілдері, қоғамдық, жас­тар ұйымдары өкілдері, депутаттар, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Тағзым • 18 Қазан, 2025

Ерлер есімі тасқа таңбаланды

«Майқайыңалтын» кеніші аумағында өзгенің өмірін құтқару жолында бақилық болған батыр құтқарушылардың рухына арналған мемориал ашылды. Онда 2024 жылдың қаңтар айын­да ойыққа құлап қаза тапқан тау-кен құтқарушыларының есімдері тасқа қашап жазылған.