
Қоғам • 20 Шілде, 2022
Павлодар қаласында бейберекет әрі заңсыз салынған құрылыс нысандары көбейіп барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті әкімдік өкілдеріне алдағы уақытта нақты құрылыс жобаларына рұқсат құжаттарын беруден бас тартуды ұсынып отыр.
Қоғам • 17 Шілде, 2022
Павлодардағы жасыл ормандар жұпсыз жібек көбелегі деп аталатын жорғалағыш құрттан зиян шегіп жатыр. Сырт көзге сүйкімсіз, өне бойы түкті жәндіктер ағашқа түссе, аз уақыт ішінде барлық жапырағын жалмап, жеп қояды. Топтанып жүретін жібек көбелегінің бұл түріне қарсы жергілікті орманшылар шарасыздық танытып отыр. Себебі жауапты мекемелер жағдайдың карантинге жатпайтынын айтып, жәндікке қарсы препаратқа ақша бөлмеген. Салдарынан апта сайын 700 гектарға жуық жердің орманы жапырағынан айырылып, сыйдиып, сұрқы қашқан тал-терекке айналуда.