Экономика • 22 Қараша, 2022

Заманауи сүт фермасы

439 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 1 200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Жоба сегіз ай ішінде жүзеге асырылып, заманға сай технологиялармен жарақталды. Мұнда күніне 30 мың литр сүт сауылмақ.

Заманауи сүт фермасы

«AgroTrade PV» ЖШС-ның жаңа тауарлы сүт фермасы Павлодар ауданындағы Ольгино ауылында орна­лас­­қан. Фермерлік шаруашы­лық директоры Қуаныш Те­мірғалиннің айтуынша, мұнда күніне 30 мың литрге дейін сүт өндіру жоспарланып отыр. Ал кәсіпорын толық қуаттылық деңгейіне шыққан кезде жылына 10 мың тонна сүт сауылмақ.

Ферма кешенінде 100-ге­ жуық­ жаңа жұ­мыс­ ор­ны­ құрылды, қызмет­кер­­лер­дің негізгі бөлігін жер­гі­лікті тұрғындар құ­рап­ отыр. Мұнда сүт шаруа­шы­лы­ғынан бөлек картоп,­ дәнді дақылдар мен мал азығы өсіріледі. 1 700 гектар суар­малы алқаптар шаруа­шы­лық­та ұсталатын түлікке қа­жет жем-шөпті өсіруге жеткілікті.

– Қазір бізде Даниядан әкелінген гольштин-фриз тұқымды 476 бас ірі қара бар.­ Тағы да қосымша 1 200 бас сиыр сатып алу жос­парланды. Жоба мемле­кет­тің қолдауымен жүзеге асырылды. 40 сиырға шақ­тал­ған сауын блогы орна­тылды. Өндірістің автоматтан­ды­рылған процесі және сүт бағытындағы асыл тұ­қым­ды сиырлардың болуы жо­ғары көрсеткіштерге қол жеткізуі­мізге мүмкіндік береді, – деді Қуаныш Те­мір­ғалин.

Бұл ферманың нәтиже­сін­де өңірдегі сүт өндірісі қо­сымша 10 мың тоннаға ұл­ғайып, жергілікті нарықты сүт өнімдерімен қамту көрсет­кіші өседі. Павлодар облы­сында соңғы үш жыл­дың ішінде 14 тауарлы сүт фермасы ашылған. Алдағы үш жылда 100-ден астам ин­вестициялық жобаны қар­жы­ландыру көзделіп отыр.

– Мал шаруашылығы, соның ішінде сүт шаруашы­лы­ғын дамытуға бүгінде көп көңіл бөлінуде. Өзіміздің ағарғанмен жергілікті на­рықты барынша қамтып, импорттық өнімдерді шектеу мәселесін Мемлекет басшысы міндет етті. Сол үдеден көрінудің бір көрінісі – бүгін ашылып отырған тауарлы сүт фермасы. Алдағы екі жылда өңірде тағы осындай 8 ферма салынады деген жос­пар бар. Нәтижесінде сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлар саны 6 мың басқа ұлғайып, сүт өндіру 43 мың тоннаға жетпек. Ауыл шаруашылығы саласындағы қарқынды дамуға Ертіс өзенінің жақын орналасуы да үлкен себеп болуда. Өзен суын пайдаланып, суармалы жерлердің санын арттыруға үлкен қадамдар жасалуда. Қазіргі күні суармалы алқаптар 142 мың гектарға жетті, – деп атап өтті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Кейінгі үш жылда облыс­та­ғы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі 4,5 есеге артқан. Ал 2020 жылдан бері салада шығарылған өнімнің жалпы көлемі 1,8 есеге өсті. Қазіргі уақытта аймақта жалпы саны 37 тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр.

 

Павлодар облысы,

Павлодар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38