
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Ауылға су тазартқыш қондырғы орнатылады
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 23 желтоқсан күнгі санында «Ақаң шарасы: әрі қуантты, әрі ойландырды» атты мақала жарық көрген еді. Онда Железин ауданындағы аядай ғана Захаровка ауылынан түйіп қайтқан кемшіліктерді сөз етіп, жергілікті жұрттың базынасын жеткіздік. Сыни мақалаға орай аудан басшылығы жедел үн қатып, халық тұрмысын жақсартуға бағытталған елеулі жұмыстардың жоспарда тұрғаны жайлы жауап хат жолдады.
Ауа райы • 09 Қаңтар, 2023
Ақ қоянның ұзын құлағы қылтиып көрінгені сол еді, Керекуде ақ түтек боран күшіне мінді. Қаңтардың 3-інде басталған бұрқасын бара-бара күшейіп, өткен аптаның сейсенбі мен сәрсенбі күні көптеген көлік күре жолда қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдай қызметінің ескертуіне құлақ аспай сапарға шығып, жолда тұрып қалған жолаушылар жылыту пункттеріне орналастырылды.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Екібастұз оқушылары шипажайға жол тартты
Екібастұздық балалар үшін қысқы демалыс айрықша әсерге толы өтуде. Мыңнан астам жасөспірім «amanat» партиясының демеушілігімен еліміздің танымал санаторийлеріне жол тартты.
Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022
Павлодар қаласының әкімі тағайындалды
Қаланың жаңа әкімін аймақ басшысы Асайын Байханов таныстырды. 2021 жылдан бері Ержан Иманзаипов Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2022
Керекуде фермерлік базар ашылды
Қымбатшылық қос өкпеден қысқан заманда Мемлекет басшысының «Егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбегін үлкен шаһарларда дамытудың маңызы зор. Жаңа жыл қарсаңында Кереку қаласында шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей сатуға мүмкіндік беретін «Jailau» атты фермерлік базар ашылды.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
Ақаң шарасы: әрі қуантты, әрі ойландырды
Әлі күнге Железин ауданы, Захаровка ауылы аталып отырған елді мекендегі мектеп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын өзге этнос өкілдері арасында насихаттауда айрықша көзге түсті. Жуықта мұнда аудандық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, ұстаздар мен оқушылар Алаш қайраткері жайындағы ізденістерімен бөлісіп, ғұлама еңбектерін жаңаша әдіс-тәсілмен оқытудың жолдарын көрсетті.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022
Қоғамдық көлікке электронды жол ақысы мен дифференциалды тариф енгізгелі жолаушылар мен автобус жүргізушілерінен маза кетті. Қала ішіндегі маршруттарда қатынайтын көліктер саны кейде аяқ астынан азайып, жұртшылық аялдамада көп күтіп қалады. Бұл жайтты тасымалдаушылар қолдан жасап отырғандай көрінеді.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022
Павлодар өңірі обыр аурулары бойынша республикада көш бастап тұруының себебін экологтер мен ақ желеңділер қоршаған ортаға зияны мол өндіріс орындарының мол шоғырлануымен түсіндіреді. Жыл өткен сайын экологиялық жағдай ауырлай түспесе, оң нәтижені көрсететіндей жағымды көрсеткіш тіркелмегеніне ел куә. Қазір облыс орталығының жұртшылығын алаңдатып отырған мәселенің бірі – кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы.
Ең қысқа әңгіме • 16 Желтоқсан, 2022
Түсіне тағы сол Брежнев алаңына жиналған жастардың жалын атқан жүзі, айналасын жарқ-жұрқ еткізіп, көзді тіліп түсердей қарықтырған өткір прожекторлар кірді. Түрлері сұп-сұр солдаттар иттерін абалатып, қарусыз бейбіт адамдарға төніп келеді. Енді бір сәтте көрініс ауып, әр жерде қан-жоса болып жатқан өрімдей бозбалалар мен бойжеткендердің, көмек сұрап ыңырсыған дәрменсіз жандардың жанында таянып тұра алмаған сәтіне оралды. Шыдай алмады...
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2022
Екібастұздың жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен отбасылар қараша мен желтоқсан айлары үшін жылу энергиясына ақша төлемейді әрі электр жарығының төлемі азайтылады. Бұған қоса қатты бүлінген 50 пәтерге «ОАЭК» АҚ есебінен жөндеу жүргізіліп бермек.