Білім • 24 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылына орай Павлодар облысында заманауи білім берудің үш негізгі аспектісі белгіленді. Олар – патриотизм, білімге деген ұмтылыс және еңбексүйгіштік. Бұл тұрғыда әр оқу орнында балаларға арналған өзіндік қарым-қатынас және мінез-құлық саясаты болуы керек.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2022
Ауылда шағын тракторлар шығарылады
Ауылда бизнес ашылды десе қуанатын болдық. Қазір кәсіптің көзін тапқанға велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығына арналған техникалық жаңашылдықтарды ебін тауып енгізіп жатқандардың ісі сүйсінтеді. Ерлік Тайшыбаев құрастырған шағын тракторлар келешекте Ресей мен Қытайдан әкелінетін импорт техниканың орнын басып, шаруалардың қолын ұзартуы мүмкін.
Білім • 23 Тамыз, 2022
Шарбақты ауданындағы №1, Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылындағы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыс орталығындағы бірнеше мектепте 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылмауы әбден мүмкін. Бұл оқу ошақтарында биыл жазда басталған күрделі жөндеу жұмыстары сылбыр жүріп, марғау мердігерлер жауапсыздық танытып отыр. Жасырып не керегі бар, облыстық білім беру басқармасының басшылығы аталған нысандардың алдағы 10 күн дересінде толық тапсырылатынына 100 пайыз сенімді емес.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Қаптаған кеніштерден қайырым бар ма?
Баянауылдық жұрт көмір кеніштерінің қайырымы жоқтығына қапалы. Бұл өлкеде үш бірдей кеніш бола тұра, олардан босатылатын тас көмірдің игілігін жергілікті халық мүлде сезінбейміз дейді. Қоғам белсенділері кәсіпорындар Ресейге өткізетін отынның бағасын 2,5 есеге арзанға сататынын, ал жергілікті тұтынушыларға ешбір жауапкершілік танытпай отырғанын ашына жеткізді. Көршілес кейбір аудандарда отынның құнына қатысты шектеулер енгізіліп, тіпті Май ауданында көмірдің тоннасы биыл мың теңгеге арзандаған. Қазба байлықтың үстінде орналасса да әлгіндей артықшылықты пайдалана алмай отырған Баянауыл басшылығына жұрттың өкпесі қара қазандай.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Дәмі тіл үйіретін Аққулының қарбызы десе, елең етпейтін жан жоқ. Бұрын егіс танаптарында теңкиген теңбіл қарбыздар ғана допша үрленіп жататын болса, соңғы уақытта шаруалар түрлі түсті сорттарды кеңінен өсіре бастаған. Жасыл, сары, қара, тіпті қызғылт-сары түсті дақылдар – даланың сәні. Жергілікті бағбандар бүгінде дала төсін дүбірге толтырып, бақша өнімдерін жинау науқаны қызып берді.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2022
Павлодардың даму мүмкіндіктері мол
Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Павлодар облысында болып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының даму қарқынымен, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту барысымен танысты, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Келешекте Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі маңында ашық аспан астындағы музей ашылып, Ескелді шатқалына келушілер Пушкин мен Толстойдың мұражай-үйлері тәріздес ерекше мәдениет үлгісін тамашалауы мүмкін. Ғұлама атындағы қордың мүшелері Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесу өткізген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа осындай ұсыныс жасады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2022
Өскемен мен Павлодарды елордамен жалғайтын автобан құрылысын салу туралы Үкіметтің шешімі 2013 жылы қабылданған екен. Осы бір алып құрылыстың жыры жылдарға созылып, мердігерден мердігер ауыса жүріп, ақыр-соңы әупірімдеп аяқталған. Жолды бақандай 4 жылға кешіктіріп тапсырды. 900 шақырым тас жолдың 375 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан қаласынан Ленин кентіне дейінгі аралық өткен жылдың қараша айынан бері ақылы жүйеге ауысты. Автобанның ақылы болғанын қайтейік, бүгінде бас қалаға дейінгі жол бойында мәселе көп.
Оқиға • 17 Тамыз, 2022
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Павлодарлық полицейлер күн сайын құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді. Оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2022
Ауылдың ағарғаны қалалықтар үшін арман болған заман. Дүкенде сатылатын пастерленген сүтті үйдегі балаларға жылытып беріп, әйтеуір сүт ішкеніне мәз боламыз. Құрамында «өлі сүт» - ұнтақ түріндегі қоспаның барына да бас ауыртпайтын болдық. Қазір нарықта бұл өнімнің түрі көп болғанымен, қойытылған сүт, қорапқа құйылып, жыл бойы сақтала беретін, майлылығы жоғары сүт дегенді біздің еліміз өндіруді меңгере алмай отырғаны да шын. Дей тұрғанмен, өңірде тауарлы сүт фермаларының саны артып келе жатқаны дәтке қуат. Павлодар облысындағы бұл фермалардың шикізаты соңғы жылда 38 мың тоннаға дейін өскен.