
Құрылыс • 28 Ақпан, 2023
Қазақстанда жол құрылысы саласына қажет битум тапшылығы алдағы жазда да жалғасуы мүмкін. Себебі отандық мұнай-химия зауыттары жол салушылардың сұранысын 60-70 пайызға қанағаттандыруға ғана қауқарлы. Жыл сайын бағасы аспандайтын өнімнің өндірісі биыл Павлодарда құлдырайды деп күтілуде.
Өндіріс • 28 Ақпан, 2023
«Айбарыс»: май шығару – пайдалы іс
Күнбағыс майы – күнделікті тұтынатын азық-түліктердің тізімінен ажырамайтын өнім. Азықтың бұл түрі жергілікті нарыққа көбіне Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Аймағымызда жыл сайын мыңдаған тонна күнбағыс тұқымы жиналғанымен, оны стандартқа сай өңдеу, майын сығып алу ісі мандымай тұр. Бұл кемшілік отандық кәсіпкерлер тарапынан ескерусіз қалмағанға ұқсайды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2023
Биылғы қыс Екібастұз халқының басына үлкен ауыртпалық салғаны белгілі. Қаланың әбден жаураған жұрты ақпанның соңғы күні келіп жеткенде «үф» деп терең тыныс алғандай әсер қалдырады. Алайда халықтың көңіліндегі алаң жуық уақытта басыла қоймасы анық. Әсіресе жас отбасылар келешегіне алаңдаулы.
Театр • 23 Ақпан, 2023
Қазаққа «ұждан» философиясын тұңғыш енгізген Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Ар, ұят, ынсап, мейірім мәселелерін философиялық логикада қарастырған ақынның «Ұждан» атты әңгімесін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Алаш ардақтысының осы бір шығармашылық мұрасын Керекудегі Аймауытов театрының ұжымы сахналау дайындығына кірісіп кетті. Ресейлік және франциялық әріптестерімен бірлескен қойылым наурыз айының соңында көрерменге ұсынылмақ.
Руханият • 23 Ақпан, 2023
«Қазақ тарихынан» қалай жазылды?
Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» кітабы (1923 жыл) мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы, «Темірқазық» (1923 жыл) және «Жас қазақ» (1923-1925) журналдарының түпнұсқалары Ресеймен шекара түбіндегі ауылдарда бір ғасыр бойы сандық түбінде сақталып келген. Бұл баға жетпес жәдігерлер отарлық саясаттың соққысына қатты ұшыраған солтүстік аймақтардың халқы кезінде Алаш ұлыларының шығармаларын жата-жастана оқып, ұлт руханиятымен сусындағанын әйгілеп тұрғандай.
Қоғам • 22 Ақпан, 2023
Аты аңызға айналған ансамбльдің құрылу тарихы Ертіс-Баян өңірімен тығыз байланысты. Өнер иелері гастрольдік сапарларында ансамбль құрметіне орнатылған мүсіндік композицияда болып, жергілікті студенттермен бірге аллеяда серуендеді.
Руханият • 21 Ақпан, 2023
Жаратушы жер бетіне жіберген әр пенденің көңіл түкпіріне адам болудың қасиеттерін шегелеп береді деседі. Ақын Абай айтпақшы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – осы үш қасиет жұмыр басты тіршілік иесінің өмір бойы ұмтылатын миссиясы болуға тиіс. Қаламсап – өмірді қалай бағыттасаң, ғұмырдың түтіні солай түзіледі емес пе. Жер бетінде адам болып туу жеткіліксіз.
Спорт • 21 Ақпан, 2023
Усолка өзенінде автокөліктердің сайысы өтті. Арнайы жабдықталған темір тұлпарлар мұз үстіндегі жылдамдықтарын сынаса, қала жұрты кіл мықтылар жиналған автошоудың қызығына кенелді.
Кәсіпкер • 20 Ақпан, 2023
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес субъектілерінің жеке және жүйелік мәселелерін шешуге, өнімдерін өзге нарықтарға шығаруға көмектесуді негізгі мақсат етіп отыр. Кәсіп бастаған азаматтардың біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру да негізге алынды.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2023
Павлодар қаласының тұрғындары жыл басынан орталықтандырылған жылу тарифінің өсіп шыға келгеніне наразылық танытып отыр. Қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер бойынша есептелген төлемақы құны жеке тұтынушылар үшін 10-нан 30 пайызға дейін қымбаттаған.