Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
637 материал табылды

Қоғам • 27 Қазан, 2022

Ауласында атып кетті

Павлодар қаласында қайғылы жағдай болды. Академик Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында зейнеткер 40 жастағы азаматты атып өлтірді. Дереккөздерінің хабарлауынша, күдікті жан тапсырған жігіттің қайын атасы екен.

Саясат • 22 Қазан, 2022

Тәуелсіздік ұландары

Дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы тағайындалып, Республика күніне орай өңірдегі үздік шыққан 100 оқушы марапатқа ие болды болды.

Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Баскөл жұртының базынасы

Май ауданының қақпасы саналатын Баскөл елді мекенінде жылдар бойы қалыптасып қалған түйткілдер жетерлік. Ауыл халқы жаз-күз мезгілінде шабындық жерге жетуде машақат көретіндерін айтады. Мұнда жастардың көңілін аулайтын спорт нысаны да жоқ. Тағы бір мәселе – Май топтық су құбырынан ағып келетін ауызсудың кермек татитыны жұрт көңіліне жақпай отыр.

Экология • 19 Қазан, 2022

Сынап көлі суды ластамай ма?

Солтүстік өнеркәсіп айма­ғындағы химиялық зауыттан қалған сынапты Ертіс өзеніне жібермеу шаралары әлі күнге жалғасуда. Өткен ғасырдың сонау тоқ­­саныншы жыл­дары бас­­талған экологиялық жа­­санды кедергілер қою бағ­дар­­ламасы өзінің тиім­ді­лігін байқатқан болатын. Биыл қалдықтар айналасына қорғаныс шеңбері түзіліп жатыр.

Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Имандылық ұйытқысы

Өз заманында иман­дылықты насихатта­ған Исабек ишанның есімі күллі мұсылман жұртына мәшһүр. Ақ­көл-Жайылмадағы хазі­реттің кесенесіне тәу етіп келетіндердің уақыт санап көбейіп келе жатқанын ескер­ген жергілікті кәсіп­кер­лер демеушілік етіп, мазар жанынан заманға сай қонақүй тұрғызды.

Қоғам • 17 Қазан, 2022

Төте жазуды үйреніп жүр

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызмет­керлері Ахмет Байтұрсынұлының төте жазу әліппе­сін оқи бастады. Музей мамандары келешекте оған қоса қадым жазуын да меңгеріп, қорда сақталып тұрған, сыры әлі күнге ашылмаған көне қолжазбалардың құпиясын білуге ниеттеніп отыр.

Қоғам • 17 Қазан, 2022

Жас құтқарушылар мектебі

Кеншілер қаласының жет­кіншектері үшін қосым­ша білім беруге ар­нал­ған мамандан­ды­рыл­ған мектеп ашылды. Жас құт­қа­рушылардың дағ­дысын же­тілдіруді мақсат тұтқан оқу ұйымы Балалар жы­лы аясында өміршең етіліп отыр.

Білім • 16 Қазан, 2022

Өнерді тәжірибемен өрнектеген

Ұлтты жүрекпен сүйіп, оған тегеурінді мінезбен қызмет ету керек деген қағида Жиенхан ағаның бойына жарасып тұратын. Тірісінде қоғамнан лайықты бағасын алып, соңынан түгесілмес қазына түзіп кету – екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ. Ақсу өлкесінің, тұтас Кереку өңірінің тәуелсіздіктен кейінгі рухани дамуында Жиенхан Қаманайдың қалдырған қолтаңбасы ерен.

Туризм • 16 Қазан, 2022

Сабындыкөлде сауықтыру орталығы салынады

Баянауылдық кәсіпкерлер қысқы туризмді дамытуға ниеттеніп отыр. Қыста саяхаттап келетіндер үшін мұнда келешекте бұғы мүйізі – пантамен емдеу орны және кварцты құм төселген спорт алаңдары тұрғызылмақ. Жыл бойы қызмет көрсететін сауықтыру кешені Сабындыкөл жағасында салынады деп жоспарланған.

Аймақтар • 14 Қазан, 2022

Ертісті еңселі еткен кеш

Облыс орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және «Найзатас» әдеби-көркем журналының 10 жылдығына арналған «Ертіске тамған сөз нұры» әдеби кеш өтті.