«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024

Акцияны ірі кәсіпорындар да қолдады

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын Ертіс-Баян өңірінің жұрт­шылығы белсенді түрде қолдап отыр. Жергілікті кәсіп­керлер мен ірі өндіріс орындары абаттандыру және сани­та­рлық тазарту жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатыр. Кәсіп­орындар «жасыл аймақтардағы» көшеттердің санын көбейте түскен.

Акцияны ірі кәсіпорындар да қолдады

Павлодар облысы кәсіп­кер­лер палатасының үндеуімен өңір­­дің кәсіпорындары өздері ор­наласқан елді мекендер айнала­сын абаттандыру, тазарту бойын­ша ке­­шенді іс-шараларды жүр­гізіп жатыр. Акцияға «Тандем-ПВ» ЖШС да белсенді түрде қо­сыл­ды. Ұжым басшысы Павел Горбачев қоластындағы қыз­мет­­кер­­лерімен бірге серік­тес­тік маңындағы көшелердің та­за­­лығын қадағалап, тырмалары­ мен күректерін қолға алып, тро­т­­уар­ларды қоқыстан тазартты.

«Біздің халқымыз ежелден таби­ғатқа, өз үйінің және айна­ласының таза болуына ұқыпты қараған. Елімізде осы игі дәстүрлерді жаңғыртуға ар­налған «Таза Қазақстан» акция­сы өтіп жатқаны қуантады. Осын­­дай бірлескен іс-қимы­лы­мыз­дың нәтижесінде біз айнала­мыз­ды үнемі мұнтаздай таза етіп ұстай аламыз», дейді компания директоры П.Горбачев.

Игі бастамадан «Каустик» АҚ қызметкерлері де шет қалған жоқ. Мұнда 129 түп көшет отыр­ғы­зылды. Зауыт жанындағы жасыл белдеуде бөріқарақат, шетен және тобылғы ағаштары пайда болды. Компания басшы­лы­ғы бұл жүйелі абаттандыру жұмыстарының барлығы өз қызметкерлері мен қала тұр­ғын­дары­ның жайлы өмір сүруі үшін жүргізіп отырғандарын айтады.

Ал ИнеУ колледжінің сту­дент­­тері акция аясында облыс орта­­лығындағы жерасты өткелін бе­зен­діру мақсатында «Сүйікті қа­лам» арт-челленджін бастап кетті.

Қазіргі күні жер-жердегі жас­тар орталықтары мен жас­тар­­дың қоғамдық ұйымдары да та­за­лық жұмыстарын белсен­ді әрі тұрақты түрде өткізіп жатыр.

 

Павлодар облысы