Фото: Қазақстанның ұлттық деректер орталығы (архив)
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 39.64° солтүстік ендік пен 50.55° шығыс бойлықта орналасқан. Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы – 5,4, ал энергетикалық класы K=13 деп бағаланды. Жер сілкінісінің ошақ тереңдігі – 64 км.
Қазіргі уақытта сейсмологиялық жағдай бақылауда. Мамандар жер сілкінісінің ықтимал салдарын анықтау және қосымша ақпарат жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар өңірлердегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тиісті қызметтер жағдайды қадағалауға алған.
Сейсмологтар мұндай параметрдегі жер сілкіністері кей жағдайда сезілуі мүмкін екенін, алайда тереңдігіне байланысты жер бетінде айтарлықтай жойқын әсері азаюы ықтимал екенін айтып отыр.