Қоғам • Бүгін, 18:55

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

1 мин
оқу үшін

Алматыда бүгіннен бастап Уәлиханов көшесінде Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Фото: Freepik

Сонымен қатар Жуков көшесінде (оңтүстік бағытта) және Манаев көшесінде (солтүстік бағытта) Затаевич көшесінен Ахмедьяров көшесіне дейінгі аралықта да біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Шешім Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Бұл шара көлік жүктемесін азайтуға, жол-көше желісінің өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жолдағы жанжалды жағдайларды төмендетуге бағытталған.

Өзгерістер қазіргі көлік жағдайына жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініштері ескеріле отырып қабылданды.

Айта кету керек, біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Тиімділігі тексерілген соң, мониторинг қорытындысы бойынша алдағы шешімдер қабылданатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар