
Құқық • 30 Қаңтар, 2025
Озбырлыққа қарсы бөлім құрылды
Қазір күн санап отбасындағы олқылықтардың ел ішін дүрліктіріп тұрғаны – басы ашық мәселе. Ер адам қуатын асыра пайдаланып әйелдерін соққыға жығып, балалардың ата-анасыз аңырап қалғанын жіпке тізер болсақ, мұндай жағдай өте көп. Ерлі-зайыптылар арасында егесті болдырмау үшін жан-жақты шаралардың қолға алынғаны дұрыс-ақ. Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша мамандандырылған бөлім ашылды.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
Абай өңірінде айтулы шығармашылық кеш өтті. «Оңалған ойдың сәулесі», «Ойлы адамға қызық жоқ», «Жүрегім сөйлеп тұрғанда», «Шыңғыстау шындығы», «Біз жұмаққа бармаймыз», «Атом мен ақын», т.б. жинақтарын оқырманның таразысына салған Төлеген Жанғалиев сахна төрінен мәдени-әдеби жұртшылықпен қауышты.
Абай • 29 Қаңтар, 2025
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтеді.
Медицина • 28 Қаңтар, 2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында өңірдегі ауылдарда 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Жыл басында тағы осындай екі нысанның құрылысы аяқталды.
Өнер • 28 Қаңтар, 2025
Сурет әлеміндегі кейіпкердің жан дүниесінен хабар беріп, айшықты образ ретінде көрерменнің көңіл пернесін дөп басатын дүние карикатура болса керек. Бастауын көне заманнан алатын карикатураны кейіпкерін келемеждеу мен кемсіту деп түсінбеген абзал. Автор өз кейіпкерін таңдауда тынбай еңбектеніп, мінез-құлқын, бітім-болмысын танытуға зер салса, онда шығарманың көптің көңілінен шығатыны сөзсіз.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2025
Баспана салу биыл да жалғасады
Абай облысында халықтың әл-ауқатын жақсарту мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі жүзеге асырылып келеді. Былтыр өңірде 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Төтенше жағдайға тастүйін дайындық
Облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Келелі кеңесте азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу дайындығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау мәселелері қаралды. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су тасқынының алдын алу шаралары, қираған нысандарды қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстары талқыланды.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Абай облысы аумағындағы Курчатов қаласының өзіндік мән-маңызы ерекше. Атом қаласы аталған, Семей ядролық полигонының орталығы болған қаланың қараусыз қалған ғимараттары, бос тұрған көппәтерлі үйлерімен танымал болды. Алайда кейінгі жылдары жаңа облысты жандандыру мен дамыту жобалары аясында бұл қалаға да жан-жақты көңіл бөліне бастады.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Семей қаласындағы халықаралық әуежайда амбулаториялық лифт бар. Бұл жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқарады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Облыстағы жаңа аудандардың бірі Жаңасемей ауданында тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Аудан басшысы Алмас Тастенбеков мәлім еткендей, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жұмыс жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.