Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?
Соңғы екі жылда Қазақстанның су шаруашылығы саласына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің қорытынды отырысында бұл қаражаттың елді мекендерді, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысын су басу қаупінен қорғауға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 19 Желтоқсан, 2025
32-қабаттан Каспий көрінеді: Атырауда зәулім «Ақ-Жайық» кешені салынады
Атырауда «Арман қала» даму тұжырымдамасы аясында бірегей «Ақ-Жайық» қонақүй-іскерлік орталығының жобасы таныстырылды. «TEXOL» компаниялар тобы жүзеге асыратын бұл ауқымды нысан 2030 жылға қарай пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Qazaq Air-дің 51% акциясы 1 млрд теңгеге сатылды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуе компаниясының бақылау пакетін (51%) вьетнамдық инвесторларға сату туралы келісімді аяқтады. Мәміле құны 1,02 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Желтоқсан, 2025
Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды
Қазақстанда Президенттің экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, еліміз бойынша ауқымды экологиялық шаралар жүзеге асырылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында «Таза Қазақстан» бастамасының алғашқы нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 19 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне тарту: Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді
Тәуелсіздік күніне орай Google компаниясы ең озық жасанды интеллектінің бірі – Gemini моделінің қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтереді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ислам даму банкінен бөлінетін несиенің есебінен 2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде су нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнім • 19 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында азаматтардың орташа шығыны жан басына шаққанда 324,5 мың теңгені (айына 108,2 мың теңге) құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындары табысының басым бөлігін, яғни 52,3%-ын азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 60%-дан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды
Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу бекетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар көліктің жасырын бөлігінен жалпы салмағы 30 келіден асатын түрлі заттар тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2025
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінен шығып қалды
Бокс әлемінің беделді басылымы Ring Magazine орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартып, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының есімін тізімнен алып тастады. Бұған дейінгі рейтингтің көшін бастап келген WBO және IBF белбеулерінің иегеріне қатысты мұндай шешімнің қабылдануына оның допинг сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.