Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Ел мәдениетіндегі ерекше жаңалықтар: 2025 жыл біз үшін несімен құнды?
2025 жыл Қазақстанның мәдени дипломатиясы мен өнері үшін халықаралық деңгейдегі ірі жетістіктер жылына айналды. Бейжіңдегі зәулім мәдениет орталығының ашылуынан бастап, әлем астаналарындағы Абай ескерткіштері мен ЮНЕСКО деңгейіндегі мерейтойлар еліміздің рухани әлеуетін паш етті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі қорытынды есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 22 Желтоқсан, 2025
Қызылорда облысында 200-ге жуық әлеуметтік нысан бой көтерді
Соңғы үш жылда Сыр өңірінде нағыз инфрақұрылымдық серпіліс болып, аймақ республика бойынша құрылыс қарқыны жағынан көшбасшылар қатарына қосылды. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей қолдауының арқасында облыс орталығы мен аудандарда 200-ге жуық маңызды әлеуметтік нысан бой көтерді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары қарсаңында бразилиялық жаңа голкипермен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Шалғайдағы Ақбастыға су жетті: Сыр өңірі ауыз су мәселесін толық шешті
Қызылорда облысы барлық елді мекендерін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл жетістік пен аймақтағы өзге де ауқымды инфрақұрылымдық жобалар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп күтіледі. Ал 25 желтоқсаннан бастап республиканың солтүстігі мен батысында -28 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады
Дүйсенбі күні Жапония билігі әлемдегі ең ірі «Касивадзаки-Карива» атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы соңғы маңызды қадамды жасады. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» трагедиясынан кейін елдің атом энергетикасына оралуындағы бетбұрысты кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
Ел қазынасы 98 тонна алтынмен толықты
Қазақстан қойнауынан бес бірдей жаңа кен орны табылып, мемлекеттік есепке алынды. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша, еліміздегі бағалы металл қоры рекордтық деңгейде өсіп, алтын, мыс және фосфориттің мол қоры анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 22 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: Дубайдағы виллалар мен «Думан» қонақ үйі сатылды
2025 жылдың басынан бері Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) 155 нысанды сатып, бюджетке 38,4 миллиард теңге құйды. Сатылған лоттардың ішінде Астананың зәулім қонақ үйі мен шетелдегі виллалар ең қымбат мәмілелер ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2025
Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбайға құнды сыйлықтар табыс етілді
Алматыда өткен бокс федерациясының жылдық қорытынды конференциясында 2025 жылды жеңіспен өрнектеген отандық былғары қолғап шеберлері марапатталды. Биыл шаршы алаңда айбыны асқан әлем чемпиондарына темір тұлпар мен қомақты ақшалай сертификаттар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Импорт күшейді, ал экспорттық табыс азайып бара жатыр
Елімізге сырттан келетін тауар ағыны тарихи рекордтарды жаңартса, шикізат экспортынан түсетін пайда қысқарып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.