Үкімет • 17 Қазан, 2025
Үкіметте «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін өткізді. Жиынға алғаш рет жасанды интеллект негізінде құрылған тәуелсіз цифрлық мүше SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Қазан, 2025
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылған
Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына қызығушылық ерекше жоғары. Халықаралық футбол жанкүйерлері турнир басталмай жатып-ақ 1 миллионнан астам билет сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Әлемде 700 миллион адам өте кедей тұрады
Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, бүгінде дүниежүзінде шамамен 700 миллионға жуық адам, яғни жер шарындағы халықтың 8,5 пайызы, күніне небәрі 2,15 доллардан аз қаражатқа күнелтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қазан, 2025
Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды
Павлодар қаласында Марғұлан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінде зейнеткер әйел мен оның 36 жастағы ұлының мәйіті табылған. Қайғылы жағдай қазан айының басында болған. Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады,деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Израиль әскері Ливанға тағы да әуе соққыларын жасады
Израиль қарулы күштері атысты тоқтату туралы келісімді елемей, Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше елді мекенге әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Қазан, 2025
17 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райы негізінен ашық болады. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қазан, 2025
Әлем тұрғындарының басым бөлігі жасанды интеллектке сақтықпен қарайды
Әлемнің 25 еліндегі тұрғындар жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына қатысты көбінесе сақтық танытып отыр. Pew Research Center-дің 2025 жылғы көктемде жүргізген сауалнамасына сәйкес, 25 елдің орта есеппен 34%-ы ЖИ туралы көп естігенін, 47%-ы аздап естігенін, ал 14%-ы мүлде естімегенін жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Астана қаласының №55 орта мектебі экологиялық мәдениетті дәріптеудің тың тәсілін ұсынды. Мектеп ұжымы мен оқушылар «Экоәлем» бағыты аясында пластик қақпақтарды жинап, оларды қайта өңдеу арқылы Қазақстан Республикасының картасын құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қазан, 2025
Ыстамбұлда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Ыстамбұлдың Чекмекей ауданында жолаушылар автобусы қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қатты соқтығыс салдарынан бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қазан, 2025
Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты
Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қызметке қабылдау жасына қатысты шектеуді өзгертті. Жаңартылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа дейін көтерілді. Ал магистрлік не докторлық дәрежесі бар азаматтар үшін бұл меже 40 жастан 43 жасқа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.