Фото: Қорғаныс министрлігі
Министрліктің «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығында генерал-майор А. Мұстабековке бітімгерлерді даярлаудың толық циклі таныстырылды. Бағдарлама халықаралық стандарттарға негізделген, сондай-ақ тактикалық, арнайы медициналық және тілдік дайындықты қамтиды.
Сапар барысында орталықтың оқу-материалдық базасы, бітімгерлердің заманауи жабдықтары мен жауынгерлік киім-кешектері тексерілді. Генерал-майор әскери қызметшілерді даярлау деңгейіне жоғары баға беріп, сабақтардың сапасын ерекше атап өтті.
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Сапар үшінші бітімгерлік контингенттің жеке құрамымен кездесу салтанатты сапқа тұру рәсімімен аяқталды. Министрдің орынбасары Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтаудағы рөлін атап өтіп, жеке құрамға Қорғаныс ведомствосы атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бөлінген аймақты бақылау миссиясы 1974 жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстан бұл миссияға 2024 жылдан бастап дербес ұлттық контингент ретінде қатысады.