Президент • Бүгін, 14:18

Мемлекет басшысы: Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Онда ол Alatau city жобасына зор үміт артып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз

«Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз.
Alatau city жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады. Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім. Сол себепті біз де Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет», деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы аталған бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беру керек екенін атап өтті.

Президент: Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.

Соңғы жаңалықтар