Фото: ТЖМ
Министрдің айтуынша, екі жағдайда да тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Шығыстүстімет» шахтасындағы апаттың алдын ала себебі кен өндіру жұмыстарының жобалық құжаттаманы бұза отырып жүргізілуі мен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы болып отыр. Ал «Қазцинк» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған болуы мүмкін», деді Шыңғыс Әрінов.
Министрдің айтуынша, бұл кәсіпорындарда бұған дейін де өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталған. Атап айтқанда, нысандарда техникалық құжаттаманың сәйкессіздігі, жобалық талаптардан ауытқу мен тозған жабдықты уақытылы ауыстырмау фактілері тіркелген.
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
Тергеу қорытындысы шыққаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Сондай-ақ министр ел аумағындағы қауіпті өндірістік нысандарда қаза тапқандар санының азайғанын атап өтті.
Еске салайық, 5 мамыр күні Өскемендегі «Қазцинк» зауытының аумағында жарылыс болды. Оқиға кезінде үш адам қаза тапты. Ал 30 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында өндірістік жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмған еді.