Фото: fifa.com
Мұндай шешім ФИФА тарапынан турнир матчтарына көрермендердің аз келуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты қабылданған. Мұның негізгі себептерінің бірі турнир шығындарының ақталмауы мен АҚШ штаттарының ФИФА-ға қарсы талап-арыздардың жолдануы болып отыр.
Соған қарамастан, кейбір матчтарда, мәселен Сауд Арабиясы құрамасының ойындарында билеттердің бағасы 3 мың долларға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Алайда стадиондарда бос орындар қалуы мүмкін деген қауіп те бар.
Әлем чемпионаты: ФИФА Иран құрамасына қатысты шешім қабылдады
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 ұлттық құрама қатысады.