Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3391 материал табылды

ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025

Жолдау 2024: Қоғамдық тәртіпті 14 мыңнан астам полиция мен әскери қызметкер қамтамасыз етеді

Қазіргі таңда заңдылықты сақтау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты дамуының басты алғышарты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидаттарын айқындай отырып, мемлекеттік органдарға азаматтардың өздерін қорғалған сезінетін әрі мемлекеттік институттарға сенім артатын тиімді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта бұл бағытта Үкімет жан-жақты шаралар қабылдап жатыр. Атап айтсақ, қылмыстың алдын алу жұмыстары күшейтіліп, заманауи цифрлық технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара серіктестік нығайып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 28 Тамыз, 2025

Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады

2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп келеді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелеріне орнатылған, ал орташа жылдамдық белгілі бір аралықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт арқылы есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 28 Тамыз, 2025

«Самұрық-Қазына» басшылығы директорлар кеңесіне есеп берді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ Қордың биылғы жеті айдағы негізгі жұмыс нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 28 Тамыз, 2025

Илон Маск әлемдік туу көрсеткішін бейнелейтін карта ұсынды

Илон Маск әлем елдеріндегі туу деңгейін көрсететін картаны жариялады. Ол Дүниежүзілік банк пен Statista ұсынған мәліметтерге сүйеніп жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 28 Тамыз, 2025

Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 28 Тамыз, 2025

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында «ПКОП» ЖШС аумағында оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш құлап, салдарынан мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 28 Тамыз, 2025

Шахтерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді

Шахтер күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарына мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 28 Тамыз, 2025

Президент 8 мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 28 Тамыз, 2025

Оңтүстік Корея мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынады

Ұлттық жиналыс келесі оқу жылынан бастап оқушылардың сынып ішінде смартфондар мен өзге де цифрлық құрылғыларды пайдалануына шектеу қоятын қайта қаралған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігене сілтеме жасап.

Үкімет • 28 Тамыз, 2025

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Президент тапсырмаларын іске асыру және өңірлердің теңгерімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.