«Қала әкімдігінің жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына барлық құзырлы органдар енді. Бұл мәселе өте мұқият әрі егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді, өйткені көптеген техникалық параметрлерді ескеру қажет», деп атап өтті Талғат Ластаев.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мамандар мен сарапшылар жобаны іске асырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр.
«Процесс басталды және ол жүріп жатыр. Барлық техникалық мамандар мен сарапшылар ықтимал нұсқалардың бәрін зерделеуде», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада екінші әуежайдың салынуы әбден мүмкін екенін тілге тиек еткен еді.