Кездесудің алтыншы минутында Португалия есеп ашты. Жоау Невеш көзге түсті. Бірінші таймның қосымша уақытында Конго құрамасы таразы басын теңестіріп кетті. Йоан Висса әлем біріншілігіндегі алғашқы голын соқты.
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Футбол жанкүйерлері көз тіккен Криштиану Роналду бұл кездесуде мардымды ойын көрсете алмады. Whoscored статистикалық порталының мәліметінше, бірінші таймда шабуышының аяғына доп небәрі 16 рет тиген екен. Бұл көрсеткіш Португалия құрамасының алаңдағы ойыншылары арасындағы ең төмен нәтиже болды. Дәл осындай көрсеткішке португалиялық қақпашы Диогу Кошта ие болған.
Екінші таймда қарсыластар есеп айырмасын ұлғайтуға ұмтылғанымен еш нәтиже болмады. Осылайша, азулы деген Португалия құрамасы Конгомен ұпай бөлісуіне тура келді.
Португалия құрамасы K тобындағы екінші кездесуінде Өзбекстанмен доп тебеді. Ал өзбектер бүгін бірінші ойынын таңғы сағат 7:00-де Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты