Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3811 материал табылды

Білім • 03 Қыркүйек, 2025

Астанада Cardiff University-нің алғашқы шетелдік кампусы ашылды

Елордада Cardiff University Kazakhstan ресми түрде ашылды. Бұл оқу орны – Cardiff University тарихындағы алғашқы халықаралық кампус әрі Орталық Азиядағы Russell Group университеттерінің жалғыз өкілі. Жоба Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, халықаралық деңгейдегі білімге жол ашуды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025

Астанада бірқатар мекеме жұмыс уақытын өзгертеді

Астанада 15 қыркүйектен бастап бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс режиміне өтеді. Бұл шешім қаладағы жолдарда таңғы және кешкі уақыттарда туындайтын кептелістерді азайту мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 03 Қыркүйек, 2025

АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты

Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.

Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025

Алматыдағы заңсыз құрылыстар Бас прокурордың бақылауына алынуы тиіс – депутат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың атына Алматыдағы заңсыз құрылыс, тау жоталарының қырқылуы және табиғи логтардың көмілуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 03 Қыркүйек, 2025

Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды

Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025

Қорғаныс министрі әскери оқу орындарына жаңа міндеттер жүктеді

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарға арнап сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол әскери білім берудің маңыздылығына тоқталып, саланың алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 03 Қыркүйек, 2025

16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады

Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.

Білім • 03 Қыркүйек, 2025

Маңғыстауда жаңа оқу жылы қарсаңында 5 мектеп ашылды

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Маңғыстау облысында бес жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның төртеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынса, біреуі демеушілердің қолдауымен бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025

Агроөнеркәсіп кешені қалай дамып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда аграрлық ғылымды дамыту және инновацияларды енгізу маңызды бағыттардың бірі.  Осы мақсатта Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАТО) базасында білім, ғылым және бизнесті біріктіретін вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хаб құрылып жатыр. Бүгінде оның құрамына 33 ұйым – университеттер, ғылыми-зерттеу институттары және тәжірибелік шаруашылықтар кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.