Білім • 24 Желтоқсан, 2025

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде «Kundelik» жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпарат желдей есті. Ата-аналар мен ұстаздарды алаңдатқан бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тексеріс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Фото: istockphoto.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Мәжіліс кулуарында мәлімдегендей, «Kundelik» жүйесінің бұзылуы туралы ақпарат әзірге расталған жоқ. Оның айтуынша, мамандар мұқият тексеру жүргізіп жатыр, бірақ алдын ала мәліметтер деректердің ағып кету фактісін көрсетпеген.

«Тексеру әлі де жалғасып жатыр. Бастапқыда ұсынылған ақпарат дәлелденбеді. Қорытынды нәтижелер дайын болғанда, біз немесе Оқу-ағарту министрлігі ресми жауап береміз», деді Коняшкин.

Еске салсақ, 12 желтоқсанда анонимді Telegram-арналардың бірінде 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі өзекті деректер – оқушылардың аты-жөні, туған күндері мен мектептері желіге шығып кетті деген хабарлама тараған еді.

Ведомство егер заң бұзушылық анықталса, кінәлілер тиісті жазаға тартылатынын ескертті. Ал «Kundelik» компаниясы бұл жағдайды жоққа шығарып, өз бетінше ішкі техникалық аудит жүргізіп жатқанын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар