
Аймақтар • 22 Наурыз, 2025
Түркістан төрінде «Ән мен әнші» мерекелік концерті өтті
Киелі Түркістан Наурыз мерекесін ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Ұлыстың ұлы күні – көктемнің, жаңарудың, бірліктің мерекесі ғана емес, ұлттық рух пен мәдениеттің тұтас көрінісі. Осы орайда, Түркістан қаласында ұйымдастырылған ауқымды іс-шаралар легі халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік думанды «Ән мен әнші» атты концертпен жалғастырды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Киелі шаһардағы көктемнің жарқын мерекесі
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жер жаһанға көктем шуағын шашып, бейбітшілік пен берекенің, татулық пен жаңарудың бастауы болып келді. Табиғаттың оянуы мен жаңа жылдың басталуын білдіретін бұл мейрам қазақ халқы үшін қашанда қасиетті, ерекше мағынаға ие.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойызымен 300-ден аса турист келді
Наурыз мерекесіне орай «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден астам турист сапарлап келді. Қонақтар қаланың тарихи-мәдени орындарын аралап, көктемнің басты мерекесін тамашалауды жоспарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2025
Түркістанда 348 отбасы баспаналы болды
Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 348 отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлер «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен беріліп, олардың кілттерін облыс әкімі Нұралхан Көшеров салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже таратылды
Көктемнің шуағын шашқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Түркістанда ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп жатыр. Көпшілік асыға күтетін бұл мерекеде бірлік пен молшылықтың символына айналған Наурыз көже дайындалып, қала тұрғындары мен қонақтарына 2,5 тонна дәстүрлі тағам таратылды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда туристік маусым ресми түрде ашылды
Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанда 2025 жылғы туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Бұл шара көне шаһардың қонақтар үшін есігін айқара ашып, тарихи-мәдени орындарды насихаттауға бағытталған.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 10 мыңнан аса ағаш отырғызылды
Қалада 19 наурыз, Жаңару күніне орай ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жібек жолы» саябағында өткен ағаш егу шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары белсене қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда туристік форум өтті
Түркістанда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты республикалық туристік форумы өтті. Форумға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілері қатысты.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, халықтың баспана жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асуда. Осы бағытта, Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Төлеби ауданында 120 пәтерлі жаңа көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2025
Мыңжылдықтардың куәсі болған бұл қасиетті Түркістан қаласы жақында ерекше мәртебеге ие болып, жаңа даму кезеңіне қадам басты. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістан енді халықаралық деңгейдегі мәдени, туристік және экономикалық орталыққа айналуға дайын.