Елорда • Бүгін, 18:30

Астанада екінші әуежай салына ма?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда маңынан тағы бір халықаралық әуежай салынады деген ақпарат соңғы уақытта қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жаңа әуе айлағы Қарағанды бағытында салынада деген сыбыс жұртты елең еткізді. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екінші әуежай салына ма?

Фото: istockphoto.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы жаңа әуежай құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда тарап жатқан ақпараттар – жай ғана қауесет. Дегенмен, қаланың бас жоспарында болашақта қажеттілік туындаған жағдайда қосымша әуежай салу үшін бірнеше арнайы учаске алдын ала белгіленіп қойған.

«Ерте ме, кеш пе екінші, тіпті одан да көп әуежай қажет болады.  Бірақ бүгінгі таңда біз қолданыстағы әуежайдың әлеуетін пайдалануды көздеп отырмыз. Оның қуаттылығын екі есе арттыру жоспарда бар», деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар әкім қазіргі әуежайдың теміржол желілерінен қашық орналасқанын атап өтті. Егер болашақта жолаушылар саны мен жүк тасымалы ағыны еселеп артатын болса, жаңа әуе айлағын салу мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін. Әзірге билік бар назарды қолданыстағы нысанды жаңғыртуға аудармақ.

Бұған дейін қала әкімі 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталатынын және LRT-ның жоспардан ерте ашылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар