
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Астанадағы «Ғасыр» оқу орталығына тергеу жүргізіледі
Елордада орналасқан «Ғасыр» оқу орталығына қатысты полицияға бірнеше азаматтан ұжымдық шағым түскен. Шағымданушылар оқу орны шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарын уәде етіп, толық төлем алғанымен, қызмет көрсетілмегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 20 Мамыр, 2025
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің жол картасы әзірленді
Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде 2029 жылға дейінгі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жол картасының әзірленгенін мәлімдеді. Құжат 7 бағыт бойынша 29 нақты іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 20 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі артты
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6,43%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, сол жылы ЖЭК үлесі небәрі 3% болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Ел мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарына арналған Тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзірді таныстырды. Бұл құжаттар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша әзірленген және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Грант конкурсына өтініш қабылдау қашан басталады?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13 мен 20 аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Биыл 173 мың колледж студенті оқуын аяқтайды
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Қостанай облысындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты
Бүгін, 20 мамыр күні таңертең «Алматы — Екатеринбург» тас жолының бойында, «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінен шамамен екі шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Зеленский жаңа кездесу өткізуге ниетті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киевтің халықаралық кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады
Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.