
Футбол • 04 Желтоқсан, 2022
Қатардағы доп додасының топтық кезеңіндегі ойындар өз мәресіне жетіп, турнирдің плей-офф бәсекесіндегі матчтар басталды. Топтық кезеңнің соңғы турында Германия Коста-Риканы (4:2), Уругвай Гананы (2:0), Камерун Бразилияны (1:0) жеңгенімен, жаһандық доданың плей-офф кезеңіне шыға алмады. Ал Жапониядан жеңілген Испания (2:1), Кореядан ұтылған Португалия (2:1) жеңген құрамалармен бірге еш кедергісіз 1/8 финал сатысына жолдама алды. Плей-оффта Нидерланд АҚШ құрамасын, Аргентина Аустралияны сүріндіріп, ширек финалға шықты.
Теннис • 02 Желтоқсан, 2022
Теннистен Қазақстан қыздар құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматыға келіп, жас теннисшілермен кездесу өткізді.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2022
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жетекшілік ететін Astana Qazaqstan Team велокомандасы құрамын тағы бір шетелдік легионермен толықтырды.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2022
Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті күнінде жанкүйерлер топтық кезеңнің тағы төрт матчын тамашалады. Сәрсенбі күні D тобындағы Тунис – Франция, Аустралия – Дания құрамалары жасыл алаңда кездессе, C тобының төрттігі – Польша – Аргентина, Сауд Арабиясы – Мексика плей-оффтың жолдамасын сарапқа салды.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2022
Қыздар да Ұлттар лигасында ойнайды
Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) атқарушы комитеті қыздар арасында Ұлттар лигасы турнирі ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2022
Кеше Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбіреді.
Теннис • 01 Желтоқсан, 2022
Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина биыл WTA санатындағы жарыстарда 57 матч өткізіп, 370 эйс жасаған. Отандасымыз осы нәтижемен үздіктер санатында екінші орыннан көрінді.
Спорт • 30 Қараша, 2022
Аргентина ұлттық құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Мессидің Мексика футболшыларымен жейде ауыстырамын деп басы дауға қалды.
Футбол • 30 Қараша, 2022
Сейсенбі күні Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы тур ойындарына старт берілді. А тобының шешуші бәсекесінде Нидерланд – Қатар, Эквадор – Сенегал құрамалары сынға түссе, В тобындағы 3-турда Уэльс – Англия, Иран – АҚШ футболшылары плей-офф бәсекесінің екі жолдамасын сарапқа салды.
Футбол • 30 Қараша, 2022
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановқа жылдың ең үздік ойыншысына берілетін Тимур Сегізбаев атындағы сыйлықты тапсырды.