Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Алтын жүлде үшін бақ сынайды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбіреді.

Алтын жүлде үшін бақ сынайды

 

Желтоқсанның 4-не дейін жалғасатын сайыста ел намысын 13 ересек (11 ер, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 ер, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірқатар спортшы іріктеуді сәтті еңсеріп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алып үлгерді. Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, ересектер арасында (LW4х) Роза Кеңес, Валентина Волкодавова, Медина Қоңырбаева, Екатерина Носкова квартеті іріктеуде өз тобында мәреге бесін­ші келді. Жарысқа 6 елдің спортшылары қатысқандықтан қазақстандықтар 3 желтоқсанда өтетін финалға жолдама алды.

Сонымен қатар ересектер арасында сынға түскен (LМ4-) Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Данил Петренко мен Бапан Асхамбек іріктеуде 6-орын алып, 3 желтоқсанда өтетін финалға шықты. Жас­өспірімдер арасындағы (JW2-) Мелани Жақыпова мен Анжела Полянина жұбы іріктеу кезеңінде өз тобында 4-орын алды. Енді олар 3 желтоқсандағы финалда бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30