
Спорт • 03 Қазан, 2022
Аустралияның Сидней қаласында өткен әйелдер арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты АҚШ құрамасының жеңісімен аяқталды. Олар финалда Қытай спортшыларын 83:61 (18:13, 25:20, 25:14, 15:14) есебімен тізе бүктірді.
Теннис • 03 Қазан, 2022
Елордадағы «Дәулет» теннис орталығында теннистен ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Спорт • 03 Қазан, 2022
Мажарстанның Самботхей қаласында мәресіне жеткен спорттық гимнастикадан бесінші Әлем кубогында қазақстандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Спорт • 03 Қазан, 2022
Польшаның Люблин қаласындағы MOSiR Hall спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде үш бірдей отандасымыз, ADAL Promotions компаниясының былғары қолғап шеберлері – Бекзат Нұрдәулетов, Мейірім Нұрсұлтанов және Бекман Сойлыбаев өнер көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантты.
Спорт • 02 Қазан, 2022
Елордада шахматтан әйелдер арасында ұйымдастырылған 2022/23 жылғы Гран-при жарысының бірінші кезеңі аяқталды. Екі аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) туы астында өнер көрсеткен ресейлік Екатерина Лагно үздік шықты. Әлемдік рейтингте 2563 ұпаймен төртінші орында тұрған Лагно осы жеңісінің арқасында 15 000 еуро мен 160 рейтингтік ұпайға ие болды.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2022
Бұл күндері Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында волейболдан әйелдер арасында кезекті әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүние жүзінің ең үздік 24 құрамасы бақ сынап жатқан жаһандық додада Қазақстан құрамасы да өнер көрсетуде.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2022
«Біздерде мынадай бар, мынадай бар»
Өткен аптада Жапонияның астанасы Токиода дүние жүзінің туристік компаниялары бас қосқан дәстүрлі Tourism EXPO Japan халықаралық көрмесі өтті. Оған әлемнің 136 елінен келген 1 400-ге жуық экспонат, 200 мыңнан аса турист қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның да делегациясы бар.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2022
Пандемияға байланысты екі жылдай тұралап қалған туризм саласында қазір қарқынды даму байқалады. Ішкі туризмнің негізгі көрсеткіштері кейінгі екі жылдағы статистикамен салыстырғанда биыл көрсеткіш бірнеше есеге жақсарған. Былтыр Қазақстанға келген туристердің саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 6,9 млн адамның қазақ даласына табаны тиген. Бұл – пандемияға дейінгі кезеңнен де жоғары көрсеткіш болып тұр. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2022
Ларамен жұдырықтасу міндеттелді
Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) орта салмақтағы WBA Super чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен дәл осы салмақ дәрежесіндегі WBA World белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) бір-бірімен жекпе-жек өткізуін міндеттеді.
Теннис • 29 Қыркүйек, 2022
Astana Open ATP 500: Бұл қай турнир?
Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы жыл басынан бері бірқатар толайым табысқа қол жеткізіп отыр. Атап айтар болсақ, Қазақстанның ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамасы ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіне жолдама алса, шілде айында әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да тарихи нәтижеге қол жеткізіп, «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирінде топ жарды. Енді, міне, ел астанасында бұрын-соңды болмаған халықаралық ATP 500 теннис турнирі өткелі тұр.